ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ ТУРАЛЫ WORKSHOP ӨТТІ

Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Turkistan hub «Жасанды Интеллект: Бүгінгі әлемді өзгертетін болашақ технологиялар» туралы workshop өткізді.
Бұл шеберлік сағатына 20-ға жуық адам қатысты. Мастер класта жасанды интеллект арқылы чат-бот жасау, трендпен жұмыс, жасанд интеллект арқылы шетел тілдерін жаттау туралы толық түсіндірілді.
Сонымен қатар мастер класс соңында сұрақ-жауап ойындары болып, түрлі сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, бұған дейін telegram-ның шексіз мүмкіндіктері туралы воркшоп көптің қызығушылығын тудырған болатын. Ендігі кезек, шетелге оқуға түсу жолдарын түсіндіретін кездесу өткізу жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі