Жастар ағылшын тілі курстарында тегін оқиды
Ағылшын тілі курстарының оқуы 11 сәуірде басталды, курс жұмыстары жыл бойына созылады.
Курстарды «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма ұйымдастырған. Білікті мамандар дәріс беретін оқу аптасына үш рет дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 17.00-19.00 аралығында Нұрсая ықшамауданы 23 үйде орналасқан Жастар ресурстық орталығында өтеді.
Айта кетейік, өткен жылы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 100 адам ағылшын тілінің тегін курсына қатысқан еді. Биыл 14-29 жас аралығындағы барлық қалаушылар үшін шет тілі тегін оқытылады.
Сондай-ақ, Атырау қаласының 300 тұрғынының жұмысқа орналасуына көмек көрсетілді, олар компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеріп, бірнеше мамандықтар бойынша оқу курстарынан өтті.
Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі