Жастар — қоғамдағы ең негізгі қозғаушы күші

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Мемлекетті тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар.

Сарысу ауданында да мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жолға қойылған.

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмахановтың төрағалығымен Сарысу аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің отырысы өтті.

Кеңес отырысында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры А. Пазылбеков Сарысу ауданында жастар саясатының іске асырылу барысы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады.
Бүгінгі таңда ауданда 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 10447 жасты құрайды. Бұл аудан халқының 23,4 пайызы. Жамбыл облысы мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын ауданда іске асыруға байланысты 11 бағыт (рухани-адамгершілік, спорттық, мәдени-шығармашылық, құқықтық, діни, психологиялық, экологиялық, этносаралық, әскери-патриоттық) бойынша 639 іс-шаралар ұйымдастырылып, 15000-ға жуық жас қамтылған.
Жас мамандарды ауылдық жерлерге тартуға арналған «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының Сарысу ауданында орындалуы туралы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж. Сұлтан хабарлама жасады.
Сонымен қатар, Игілік ауылдық округінде жастар саясатының іске асырылу барысы туралы Игілік ауылдық округінің әкімі Ж. Жанайдаров баяндады.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, әсіресе жұмыссыз жүрген жастарды жастар арасындағы түрлі іс-шараларға тарту керектігін баса айтып, олармен көбірек жұмыс жасау керектігіне тоқталды.
Кеңес отырысының күн тәртібіне байланысты мәселелер талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі