ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ

 

Өткен жылы 1951 жас жұмысқа орналасты. Оның ішінде тұрақты жұмысқа – 664, әлеуметтік жұмыс орындарына – 15, ақылы қоғамдық жұмыстарға 450 жас тартылды. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында 300 жасқа, кәсіби оқуға 93 жасқа жолдама берілді. 41 жас шағын несие алса, 203 жас мемлекеттік гранқа қол жеткізді.
«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 33 маманға көтерме жәрдемақы, 20 маманға тұрғын үй сатып алуға кредит берілді.
2021 жылға 34 маманға көтерме жәрдемақы беру үшін 9,9 млн теңге, 14 адамға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру үшін 61,2 млн теңге бөлінді.

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі