«Жастар практикасы» жастарға зор мүмкіндік!
Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөліміне қарасты » Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары Мырзакент кенті тұрғындарына «Жастар практикасы» жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізді.
Бұл бастапқы тәжірибе алу үшін арналған уақытша жұмыс.
Колледждер мен жоғары оқу орындарының 35 жастан аспаған, оқуды 3 жыл бұрын бітірген және алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ бітірушілері үшін.
• Ұзақтығы: 12 айдан аспайды
• Жалақы: 30 АЕК (103500 тг)
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бір бағыты колледждер мен жоғары оқу орындарының 29 жастан аспаған, оқуды 3 жыл бұрын бітірген және алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ бітірушілері үшін жастар практикасы бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастыру. Оған тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеуде бар жұмыссыз жастар қатыса алады. Жастар практикасында істейтіндер мемлекет есебінен қаржыландырылады. Ай сайын 103500 теңге көлемінде еңбекақы тағайындалады. Іс-шара барысында 45-50 жас қамтылды.