Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті 2018 жылдың 4 маусымында Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясында Атырау облысындағы барлық жоғары оқу орындарында және арнаулы орта білім беру орындарында колледж студенттерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – құқықтық және әлеуметтік теріс құбылыс» деп аталатын дебаттық турнирін және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 20 жылдық қалыптасуы» деген тақырыпта өткен облыстық эссе конкурсының жеңімпаздарын марапаттау шарасын өткізді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 20 жылдық қалыптасуы» тақырыбында облыстық эссе конкурсы байқауына қатысушылардан жеңімпаздар сарапталып, қазылар алқасының ақылдасуымен 3 орын бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Олар:
Атырау Сервис колледжінің І курс студенті Тажмухамбетова Бибинұр – Амангелдіқызы: Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің ІІ курс студенті Сагидоллаева Балым Саламатқызы; Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының студенті Сыдық Тілектес. Жеңімпаздар Дипломдармен, сыйлықтармен марапаталды. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлық – құқықтық және әлеуметтік теріс құбылыс» дебаттық турнирінде белсенділік танытқан: Х.Досмухамедов Атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері Бектұрғанұлы Диасты, Мұхитов Байғазыны, Атырау Инженерлік гуманитарлық институтының студенттері Мизамов Азаматты, Аймақова Мадинаны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес Төрағасы Тоқтамыс Қадошұлы Алғыс хатпен марапаттады.
Өз тілшіміз