ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛЫНДЫ ҚИМЫЛЫ

Ауданымыздағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағыты 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының “Мемлекеттiк жастар саясаты туралы” Заңы және мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын орындау жөніндегі кешенді жоспары өз деңгейінде жүргізілуде.

Бүгінгі күні ауданымызда 14- 29 жас аралығындағы жастар саны 25 720, ал бұл жалпы аудан халқының 21,7 пайызын құрап отырғанын көрсетеді (оның ішінде өзге ұлт өкілі – 1798). 2022 жылға бекітілген межеге (индикатор) сәйкес, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 991 жасты тарту жоспарланса, қазіргі күнге 279 жас жұмыспен қамту шараларына тартылды.

Нақты межелер айқындалған 10 индикаторлық көрсеткіштер белгіленді. Оның ішінде, 7 көрсеткіш аудан жастарын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға бағытталды. Бұл көрсеткіш индикатордың 100 пайыз орындалуын көрсетуде.

Индикатордың тағы бір тармағы жастарға кеңес беру. Ағымдағы жылдың 6 айы бойынша 5918 (жоспар 3400) жасқа консультациялық кеңестер беріліп, жастар мәселесін оңтайлы шешу мақсатында тиісті мекемелерге жолданып, меже 100 пайызға артығымен орындалды. Аудан көлемінде жалпы спортпен айналысатын жастар саны – 16590. Бұл көрсеткіш индикатордың 100 пайыз орындалуын көрсетуде. Жастар ресурстық орталығы тарапынан жұмыссыздықтың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуде. Жұмыссыздықты азайту мақсатында «Жасыл ел» еңбек жасақтарын құру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 30 жас маусымдық жұмыспен қамтылды.

Бағдарлама аясында еңбектеніп жүрген жастар ауданның тазалық жұмыстарына көмек көрсетіп келеді. Ағымдағы жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша әр түрлі бағытта 5918 жасқа консультациялық кеңестер беріліп, жастар мәселесін оңтайлы шешу мақсатында тиісті мекемелерге жолданды.

Аудан әкімдігінің бөлімдерімен бірлесіп ауыл және ауылдық округтерде мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында «Jastarga kenes», «Jastarga–bilim», «Jastarga–qyzmet», «Jastarga–jumys» жобалары бойынша ауылдық округтерде жастарға кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, тұрғын үй, құқықтық, психологиялық түрлі бағытта кеңе стер беру үшін түрлі сала мамандарын тарта отырып 11 көшпелі кеңес беру алаңдары ұйымдастырылды. Шара барысында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, «Кәсіпкерлік», «Ха лықты жұмыспен қамту орталығы», «Жер қатынастары бөлімі», «Денсаулық сақтау бөлімі» «Отбасы банкі» кеңес беру алаңына қайырылған аудан тұрғындарына тиісті деңгейде кеңестер берілді.

Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйытқы болуымен жалпы 526 іс-шара өткізіліп, оған 18 826 жас қамтылды. Атап айтар болсақ, «Жастар ресурстық орталығы» мекеме отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиені насихаттау бағытында жұмыс жоспары бекітіліп, жоспар бойынша «Неке және отбасы», «Отбасы құндылығы» және «Отбасы — бақыт мекені», «Ең жақсы отбасы альбомы» атты байқау, кездесулер өткізілді. Отбасылық тұрмыстық-зорлықзомбылықтың алдын алу мақсатында аудан әкімдігі білім, аудандық полиция бөлімдерімен бірлесіп жайсыз отбасылардың қатысуымен «Бақытты отбасы-бақытты ел» тақырыбында кездесу өткізілді. Сонымен қатар, жастардың дұрыс мамандық таңдауына ықпал ету мақсатында «Мамандық таңдау», «Жас маман», «Мамандық таңдаумаңызды іс» тақырыптарында 26 кездесу және демотренингтер өтті. Нәтижесінде жастар жаңа мамандықтар туралы мәліметтер алды.

Мемлекеттік білім беру гранты және «Серпін-2050» бағдарламасы аясында жоғарғы сынып оқушыларымен 22 кездесу, сондай-ақ, жастардың бойында жігер, қайрат, төзімділік пен сабыр, адамгершілік қасиеттерін шыңдау мақсатында «Өмірдің ғажайыбы», «Мен жастарға сенемін», «Арманда, іске асыр» тақырыптарда жастармен мотивациялық 11 тренинг, 7 кездесу өткерілді. Бұл жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жастарға шығармашылық, кәсіби деңгейлерін шыңдауды көздеген іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жас толқынға тиімді пайдасын тигізетін болады. Құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын-алу бойынша өткен 43 іс-шараға 1590 адам қамтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында, атап айтсақ «Қоғам дерті», «Жемқорлыққа жол жоқ» атауымен 7 іс-шара, «Жастар арасындағы құқықтық мәселелерін қалыптастыру» бағытында 5 ісшара өткізілді. 2022 жылдың бірінші тоқсанында жастар арасындағы құқықтың және қылмыстың алдын алу бойынша Түймекент, Суханбаев, Дихан, Сарыкемер ауылдық округтерінде «Қоғам сақшысы”, «Түнгі рейд» тақырыбында аудандық полиция бөлімімен бірлесе іс-шаралар өтті. Сондай-ақ ауылдық округтегі білім ошақтарында жоғарғы сынып білімгерлеріне «Интернет және құмар ойындардың алдын алу», «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыптарында 4 кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жалпы 4 іс-шара ұйымдастырылып, 50-ден астам құқық бұзушылық туралы дайындалған бүктемелер таратылды. «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу», «Құқықтық тәрбие негізгі — отбасынан басталады», «Қылмыс — қоғам дерті», «Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес», «Жастар қылмысқа қарсы», «Заң және жастар» тақырыптарында жастармен кездесулер өткерілді. Волонтерлік қозғалыс бойынша 46 іс-шара ұйымдастырылып, оған 1040 жас қамтылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын аудан жастарына насихаттау мақсатында арнайы топ құрылған. Жолдаудың басым бағыттарын жастар арасында түсіндіру жұмыстарына аудан белсенділері қамтылды. Жалпы, өткізілген 9 іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. “Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс — қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған” мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарын жан-жақты түсіндіру және дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу мақсатында өңірдегі діни ахуалды тұрақтандыру бойынша желілік кестеге сәйкес жастармен 36 іс – шара өткізілді. Ағымдағы жылдың сәуір, маусым айларында Жамбыл облысы әкімдігі Дін істері басқармасының бас маманы Асылхан Қалмырзаев, облыс әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Бексұлтан Бекмолдаевтың қатысуымен «Ұлт болмысы және интернет: Жаһандану үдерісінде», «Діни экстремизм-бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыптарында мазмұнды жиындар ұйымдастырылды. Мәселен, №8 облыстық мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, №9 Ж.Үшкемпіров атындағы спорт мектебінде жасөспірім спортшылар мен жаттықтырушыларға, Бәйтерек, Сарыкемер ауылдық округтерінде ауыл тұрғындарымен, Ю. Гагарин орта мектебі, Ғ.Мұратбаев атындағы гимназия ұжымдарымен, Сарыкемер ауылы «Рухани жаңғыру» офисінде аудандық ақпараттық-түсіндіру топ мүшелеріне «Дін — тәрбиенің рухани тірегі», «Рухани тәрбие және жастар», «Жат діни ағым — жаһандық індет» атты тақырыптарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Онда казіргі кездегі салт-дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай-ақ түрлі теріс діни ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары айтылып, өзара пікір алмасылды.

Қиналғанға қол ұшын созып, айналасындағыларға дәйім қамқорлық танытып жүретін еріктілердің орны ерек. Еріктілер көктемгі дала жұмыстарына тартылып, тал-дарақтар егу, көгалдандыру акцияларына атсалысты. Экологиялық мәдениет қалыптастыру және көгеріштендіру мақсатында еріктілермен «Таза ауыл», «Экосана», «EkoLiFe» тақырыптарда сенбіліктер ұйымдастырылып, 9 тоннаға жуық күл-қоқыстан тазартылды. Одан өзге волонтерлік «Қамқор» бағыттары аясында әлеуметтік аз қамтылған көп балалы отбасылар мен жалғызбасты қарттардың үйіне дәрі-дәрмек, 13 үйге азық-түлік жеткізіліп, 19 үйге тазалық жұмыстары жүргізілді.

Қорыта айтқанда, біздің мекеме жастары аудан жастарымен бірлесе отырып, алдағы уақыттарда да жалынды қимылымен жүйелі жұмыстар жүргізе беретін болады.

Бағдат Адилов, Байзақ ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-і директоры.