Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру

Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасының «Жасөркен» шекара бөлімшесін Тараз қаласының Жамбыл жоғарғы Политехникалық колледжінің әскери дайындық ұстазы майор Исаков Данияр Уринбекович, әскери дайындық ұстазы сержант Омарова Динара Ашимовна және 1 курс студенттері экскурсияға келді.
«Жасөркен» шекара бөлімше бастығының орынбасары лейтенант Тұрлыбай Нұрмұхамед Маратұлы шекара заставасының тарихын, қызмет барысын, қару-жарақ пен техникалық құралдарын, обьектілерін, тұрғылықты күнделікті іс-шараларымен таныстырып өтті. Іс-шараларда студенттер барлық техникалық құралдар мен шекара қызметіндегі жабдықтармен танысып, олардың техникалық сипаттамаларымен танысты.
Студенттер қызметтік жануарлардың жаттығуларын бақылап көрді. Экскурсияда студенттер өзімен бірге бірлесіп,в ыступления әзірлеп, қару-жарақтын шашып жинауы бойынша өнерлерін көрсетті. Студенттер шекара заставасының қызметін танып болашақта шекарашы болғысы келетіндігін білдірді.
Жамбыл ауданы әкімдігі