Жастарға арналған пәтер: кімдер, қалай алады?

КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?
36 жасқа дейінгі, яғни, 35 жастағы азаматтардың да қатысуға мүмкіндігі бар. Олардың ішінде:
— Техникалық және әкімшілік қызметкерлерді қоспағанда, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, журналистика саласы қызметкерлері. Яғни, түрлі мемлекеттік бағдарламамен үй алу мүмкіндігі жоқ санаттағы жастар.
— Тараз қаласы және аудандарда тұратын жас азаматтар.

ШАРТТАРЫ ҚАНДАЙ?
— Облыс аумағында өзі еңбек ететін саладағы жұмыс өтілі 1 жылдан кем болмауы керек.
— «Отбасы банкте» жинақ шоты болуы тиіс. Оның нақты бекітілген сомасы жоқ. Мүмкіндігінше алатын пәтер сомасының кемінде 5 пайызы болғаны абзал.
— Бағдарламаға қатысушы немесе оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жылда тұрғын үйдің немесе меншік құқығындағы тұрғын үй болмауы қажет.
— Отбасының әр мүшесіне шаққандағы кіріс мөлшері 140 470 теңгеден аспауы тиіс.
— Осы шарттарға сай келетін Жамбыл облысының жас азаматтары өтінім бере алады. Олардың арасынан жеңімпаздар ұпай саны бойынша анықталады.

ҰПАЙ САНЫ ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ?
— Қатысушылардың заңды некеде тіркелген уақыты 2 жылға дейін болса – 1 ұпай, 3-4 жыл – 2 ұпай және 5 жылдан асса 3 ұпай.
— Балалар саны 2 болса – 1 ұпай, 3-4 бала – 2 ұпай, 5 және одан көп болса – 3 ұпай.
— Еңбек өтілі 5 жылға дейін – 2 ұпай, 5 жылдан 10 жылға дейін – 3 ұпай, 10 жылдан астам – 4 ұпай.
— «Отбасы банкте» бастапқы жарнасы алатын үйінің 5 пайызы болса – 2 ұпай, 10 пайызы – 4 ұпай, 15 пайызы – 6 ұпай.

КІРІС КӨЛЕМІ ҚАНША БОЛУЫ ТИІС?
— Кірістің шекті құны ең төменгі күнкөріс деңгейі, яғни 140 470 теңге.
— Яғни, отбасындағы әр адамға шаққанда 140 470 теңгеден аспауы тиіс.

«ОТБАСЫ БАНКТІҢ» ШАРТЫ ҚАНДАЙ?
— Алғашқы 8 жыл – 5 пайыз.
— Келесі 11 жыл – 3,7 пайыз.

ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ ҚАШАН БАСТАЛАДЫ?
Бүгінде өтінім қабылдауға арналған арнайы сайт жұмысы тиянақталуда. Жоспарға сай 1 шілдеден бастап сайт іске қосылып, жастардан өтінім қабылдана бастайды.

Маржан РАҚАЙ