Жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы бүкіл өңірде іске қосылады
2025 жылға дейін барлық өңірде «Отбасы банктің» жеңілдетілген ипотекасы бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр.
Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.
Қазіргі таңда жастарға арналған өңірлік тұрғын үй бағдарламалары үш қалада – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жүзеге асырылады.
Жыл соңына дейін тағы 6 өңірде (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, БҚО) іске қосу жоспарда бар.