ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ
Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев «Шу-Чу» квн командасын қабылдап, өнерпаздардың алдағы жоспарларымен танысты.
Айта кету керек, әзілкештер сайысында өзіндік орны бар жерлестеріміз республикалық, халықаралық сайыстарда ауданымыздың намысын абыроймен қорғап келеді. 10 жылға жуық уақыт бойы тынымсыз еңбек етіп, Әулиеата өңіріндегі жетекші ұжымға айналған » Шу-Чу» командасына бүгінгі күнге дейін жергілікті билік тарапынан нақты қолдаудың болмағанын да айта кеткен жөн.
Осыны ескерген аудан басшысы жуырда ғана өткен «Шу КТА» лигасының финалдық кездесуіне қатысып, жастарға нақты қолдау білдіретіндігін жеткізген болатын. Бүгінгі кездесуде Сәкен Қаланұлы «Шу-Чу» командасы өзінің ізбасарларын дайындау керектігін ескертті. Одан бөлек, жас өнерпаздарға арналған үйірме ашу мақсатында және жерлестеріміздің дайындық жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы үйірме залын ұсынды. Сонымен қатар, команда мүшелеріне Алғыс хат табыстап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.