Жастықты сақтайтын 10 сусын

Жастықты мәңгілікке, тым құрыса ұзақ уақытқа сақтай алу адамзат баласын ежелден-ақ ойландырып келе жатқан сауал. Көне ертегілерде жастықты сақтап тұруға күші жететін ғажайып сусындар туралы жиі айтылады.

Сол ертегіден шынайы өмірге оралып, шын мәнінде қандай сусын жастықты сақтауға көмектеседі дегенге ой жүгіртіп көрейік. Бұл топтамада біз тек дәмімен ғана емес, ғылыми зерттеулер бойынша қартаюмен күресте үлкен ерекшелікке ие сусындарды ұсынамыз.

Су. Тері әркез таза әрі балғын болу үшін оған міндетті түрде көп мөлшерде су керек. Ол үшін күн сайын 8 стакан судан кем ішпеу маңызды. Толыққанды денедегі сұйықтық теріні жұмсақ, жайлы ете түседі. Су сондай-ақ, біз үшін организмдегі электролитті балансты сақтап, ми жұмысын жақсарту үшін де өте қажет.

drink4health01

Кофе — бұл сусынды планетамызда күн сайын миллиондаған адам тұтынады. Ғылыми дәлелдеме бойынша кофенің бір кесесін ішу қатерлі ауруларды 10 пайызға дейін азайтады. Ғалымдардың ойынша, бұл кофеиннің антиканцерогенді күшімен байланысты. Алайда кофені шектен тыс көп ішу де зиян.

drink4health02

Аз мөлшердегі алкоголь адам ағзасына пайдалы. Әрине, алкоголь жалпы алғанда адам үшін қай тұрғыдан да пайдалы емес, дегенмен ғалымдар оны аз мөлшерде тұтыну ми жұмысына пайдалы әрі Альцгеймер ауруымен күресуде ыңғайлы деп отыр. Олар әйелдер үшін виноның бір бокалы, ал ер адамдар үшін екі бокал вино денсаулыққа пайда әкеледі екен.

drink4health03

Көк шай қартаюды тежейді. Әсіресе, бұл сусынды жүрек қан-тамыр ауруымен күресушілер көп ішеді. Ал жақында ғана жасалған зерттеу бойынша көк шайдың клеткалардың қартаюын тежейтіні анықталған. Күніне 4 кесе көк шай ішу стресті азайтып, организмдегі қартаю құбылысын баяулатады.

drink4health04

Какао. Жүрек жұмысына пайдалы. Какао гипертония, қант диабеті, бүйрек ауруының асқынуына жол бермеу, есте сақтау қабілетін де жаңғырта алады.

drink4health05

Соя сүті теріні серпінді етеді. Бұл сусын құрамында изофлавондардың болуы зор пайда. Бұл табиғи компонент тері құрамының жаңарып, жасаруына әсерін тигізеді.

drink4health06

Қызыл грейпфруттан жасалған шырын. Оның құрамындағы ликопин терінің қартаюын тежеп, оны күннен қорғап, белоктардың лайықты синтезделуіне жол ашады.

drink4health07

Сәбіз шырыны. Бұл шырын есте сақтау қабілеті үшін таптырмас сусын.

drink4health08

Апельсин шырыны сіздің көру қабілетіңізді ең жоғарғы қарттыққа дейін дәл қазіргідей сақтай алуы мүмкін. Шырын құрамында физиологиялық көру қабілеті бойынша үлкен рөл атқаратын лютеиндер бар.

drink4health09

Қызылша шырыны. Арнайы зерттеу барысында қызылша шырынының ми жұмысын белсенді етуде, аурулардың алдын алып, болдырмауда пайдасы орасан екені анықталған.     drink4health10