«Жасыл ел» еңбек жасағы аясында 1 981 жас маусымдық жұмыспен қамтылған.
Ағымдағы жылы «Жасыл ел» еңбек жасағы аясында (жергілікті бюджет есебінен 144,1 млн. теңгеге) 1 981 жас маусымдық жұмыспен қамтылған.
Оның ішінде 269-ы уақытша бос жүрген (NEET) жастар болса, 18-і пробация тізімінде тұрған жастар.Маусымдық жұмыстар барысында 277 500 м2 аумақ тазаланып, 274,6 тонна күл-қоқыс шығарылған.Сонымен қатар, 668 қураған ағаштар кесіліп, 10 917 ағаш көшеттері отырғызылған.