«Жасыл ел» еңбек жасағы өз жұмысын бастады

«Жасыл ел» – тек тазалықты сақтап қана қоймай, достық ортаны да қалыптастыруға, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жоба.
Биылғы жылы да бұл жоба өз жалғасын тауып, аудандағы 36 жас маусымдық жұмысқа тартылды.
Осы орайда Меркі ауданында «Жасыл ел» еңбек жасағы өз жұмысын салтанатты түрде ашты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Нәрікбаев ашып, «Жасыл ел» сарбаздары ауданның тазалық жұмыстарына ғана емес, мәдени-көпшілік, спортық және басқа да іс-шараларға белсенді атсалысып жүргендерін атап өтіп, оларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байсейіт Жылысбаев құттықтау сөз сөйлеп, ақ батасын берді.
Ашылу сәтінде аудан өнерпаздары өнерлерін ортаға салды. Ән айтылып, бишілер мың бұрала биледі.
Жаңа жасақталған «Жасыл ел» жастары аудан қарияларымен бірге орталық саябақта ағаш көшеттерін егіп, саябақта тазалық жұмыстарын жүргізді.

Меркі Ауданы Әкімдігі