«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСАҒЫ – ЖАРАСЫМДЫ ІСТЕРДІҢ ЖАРШЫСЫ

Жастар – дамудың негізгі қозғаушы күші, еліміздің салтын, дәстүрін келер болашаққа жеткізуші көпір. Әлбетте, бұл оймен келіспеске болмас. Шынында, еліміздің болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тілегіне, арман-мұратына байланысты. Сондықтан да олардың қызығушылығын қоғам игілігіне қарай бұру дұрыс дүние. Қазір елімізде жастар саясатын іске асырудың негізгі міндеттерінің бірі – жастарды елжандылыққа тәрбиелеу, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту. Аталған міндеттерді іске асыру мақсатында республика бойынша жастарды патриоттық бағытта тәрбиелеу іс-шаралары да әзірленген. Солардың бірі – «Жасыл ел» бағдарламасы.
Бірінші маусымнан бастап ауданда «Жасыл ел» жасағы дәстүрлі көгалдандыру жұмыстарына кіріскен болатын. Аталған еңбек жасағының сарбазы болу – қазіргі таңда үлкен беделге ие. Олай дейтініміз, студенттер бос уақыттарында еліне қызмет етіп, туғанжерін гүлдендіруге атсалысады. Сондай-ақ жазғы демалыстарын тиімді өткізіп, бір-бірімен араласып, лаулағантәтті жастық шағы есте қалардай өткізері анық.
Биыл жастарды жұмыспен қамту, еңбексүйгіштіккетәрбиелеу, ауданды абаттандыру мақсатында «Жасыл ел» еңбек жасағының құрамына 103 қыз-жігітті жұмыспен қамту жоспарланып, іске асқан. Оның құрамы тек жоғары оқу орнының студенттерімен шектелмеді, мектеп оқушылары да тартылды. Олардың атқарған жұмыстары аудан орталығы Мойынқұм ауылында болды. Сондай-ақ көше бойындағы қоқыстарды тазартып, аудан ішіндегі жаңадан отырғызылған көшеттерді күтіп-баптау сынды жұмыстарға жасылелдіктер белсенділік танытты.
Сонымен қатар аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Мәди Жәнібекұлының айтуынша, биыл аудан бойынша 103 квота бөлініп, маусым айында – 40 жас, шілде айында – 32 жас жұмыс істеді. Ал тамыз айында – 31 жас қабылданғанын мәлімдеді. Әрине, жастардың жүрген еңбегіне лайықты жалақыда төленеді. Оқушылар биыл 100 мың теңге, студенттер 81 мың, ал жұмыссыздар 79 200 теңге алады. Сонымен бірге жасылелдіктер «Таза Қазақстан» акция аясында бір кісідей жұмыла атсалысып еңбек етуде.
– «Жасыл ел» – біз сияқты жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, оларды еңбексүйгіштікке тәрбиелейтін еліміздегі бірегей бағдарлама. Әуелі «Жасыл ел» жайлы әлеуметтік желі көрдім. Одан соң қызығып, «Жастар» ресурстық орталығына барып мәлімет алдым. Жасыл елдің ең басты мақсаты – жерімізді көгалдандыру. Екіншіден, жастарды жұмыспен қамту деп ойлаймын. Үшіншіден осы жұмыс арқылы достық қарым-қатынасты құрастыру – дейді жасылелдік Сәкен Сағадин.
Қуаныш КӨБЕНҒАРАЕВ,
Мойынқұм ауданы