ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯҒА БЕТБҰРҒАН ЖАҢАТАС
Қуат көзін өндіретін кәсіпорынның ашықтық пен жариялықты мақсат тұтқан іс-шарасына жауапты сала мамандары мен жергілікті орта арнаулы оқу орнының білімгерлері және қала, тұрғындары қатысты.
Іс-шара аясында компанияның бас атқарушы директоры Ван Фэй өз ісін жетік меңгерген бірқатар кәсіпорын қызметкерлеріне арнайы сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.
Айта кетейік, сонау 2017 жылы құрылысы бастау алған Жаңатас Жел электр станциясы өткен жылдың шілде айында іске қосылған болатын.