«Жасыл Қазақстан» Жобасының берері мол
Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің тікелей бастамасымен қолға алынған «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы қазіргі таңда жалпыхалықтық қолдауға ие болған жобалардың біріне айналды. Ұлттық жоба өз ішінен «Таза Қазақстан», «Үнемді Қазақстан», «Табиғат», «Экология болашағы» қатарлы негізгі бағыттан тұрады. Аталмыш Жобаның мақсаты мен маңызы да орасан зор болмақ. Мұнда ең әуелі қоршаған ортаның сапасын жақсарту мақсаты көзделгенімен екінші жағынан Жобаны жүзеге асыру арқылы азаматтардың табысын молайтып, ЖІӨ-ды арттыруға мүмкіндік туатын болады. Сондай-ақ Жоба аясында көптеген жұмыс орындары ашылады деп күтілеуде. Сондықтан бұл Жобаны қолдау, оны кеңіне насихаттау БАҚ-тар мен азаматтық қоғамның міндеті болмақ.
Жақында «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында аумақтық экология департаменттері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп еліміздің әрқайсы аймақтарындағы рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою бойынша баспасөз турын өткізді.
Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл заңсыз полигондардың саны едауір азайған. Дегенмен арқаны кеңге салуға әлі де ерте секілді. Олай дейтінміз биыл 2612 полигон анықталды, оның 1175-і немесе 45% — ы жойылыпты. Ал аймақтар бойынша Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Абай және Ұлытау облыстарында заңсыз қоқыс полигондарын жою жұмыстарының қарқыны баяу деп танылған.
Министрлік таратқан деректерге жүгінсек Мемлекеттік экологиялық инспекторлар әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес жалпы сомасы 5,2 млн.теңгеге 93 лауазымды адамды жауапқа тартқан. Қатысты тараулар жүргізген қатаң шараларға қарамастан еліміздің әрбір елдімекендерінде заңсыздықтар тоқтамай тұрған көрінеді. 2024 жылы қаңтар- қыркүйек аралығында 5000-на астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.
Келеңсіздіктерді болдырмау үшін биылғы шілдеден бері халықтан өтінімдер алудың жаңа сервисі жеделхаттар негізінде-чат-бот-@TazaQazBot іске қосылған. Мұнда өтініш түріндегі хабарламалар жергілікті атқарушы органның операторына келіп түседі екен.
Азаматтарға және жауапты орындаушыларды анықтауға қолайлы болу үшін кездесетін проблемалық мәселелер 17 санатқа бөлінеді, мысалы: аллеялар мен саябақтарды, жолдарды, аумақтарды тазалау, жарықтандыру, көшелерді абаттандыру, құрылыс және тұрмыстық қоқыстарды шығару, аула алаңдары, кіреберістердің санитарлық жағдайы, ғимараттардың қасбеттері, ашық люктер, көгалдандыру, су айдындарын тазарту және басқалар. Бүгінгі күні 3926 өтінім келіп түсті, 2952 орындалды, 496 орындауда 429 өтінім жойылды және 49 өтінім қайтарылған.
Дайындаған: Ерқазы СейтқалиЕлімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің тікелей бастамасымен қолға алынған «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы қазіргі таңда жалпыхалықтық қолдауға ие болған жобалардың біріне айналды. Ұлттық жоба өз ішінен «Таза Қазақстан», «Үнемді Қазақстан», «Табиғат», «Экология болашағы» қатарлы негізгі бағыттан тұрады. Аталмыш Жобаның мақсаты мен маңызы да орасан зор болмақ. Мұнда ең әуелі қоршаған ортаның сапасын жақсарту мақсаты көзделгенімен екінші жағынан Жобаны жүзеге асыру арқылы азаматтардың табысын молайтып, ЖІӨ-ды арттыруға мүмкіндік туатын болады. Сондай-ақ Жоба аясында көптеген жұмыс орындары ашылады деп күтілеуде. Сондықтан бұл Жобаны қолдау, оны кеңіне насихаттау БАҚ-тар мен азаматтық қоғамның міндеті болмақ.
Жақында «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында аумақтық экология департаменттері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп еліміздің әрқайсы аймақтарындағы рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою бойынша баспасөз турын өткізді.
Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл заңсыз полигондардың саны едауір азайған. Дегенмен арқаны кеңге салуға әлі де ерте секілді. Олай дейтінміз биыл 2612 полигон анықталды, оның 1175-і немесе 45% — ы жойылыпты. Ал аймақтар бойынша Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Абай және Ұлытау облыстарында заңсыз қоқыс полигондарын жою жұмыстарының қарқыны баяу деп танылған.
Министрлік таратқан деректерге жүгінсек Мемлекеттік экологиялық инспекторлар әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес жалпы сомасы 5,2 млн.теңгеге 93 лауазымды адамды жауапқа тартқан. Қатысты тараулар жүргізген қатаң шараларға қарамастан еліміздің әрбір елдімекендерінде заңсыздықтар тоқтамай тұрған көрінеді. 2024 жылы қаңтар- қыркүйек аралығында 5000-на астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.
Келеңсіздіктерді болдырмау үшін биылғы шілдеден бері халықтан өтінімдер алудың жаңа сервисі жеделхаттар негізінде-чат-бот-@TazaQazBot іске қосылған. Мұнда өтініш түріндегі хабарламалар жергілікті атқарушы органның операторына келіп түседі екен.
Азаматтарға және жауапты орындаушыларды анықтауға қолайлы болу үшін кездесетін проблемалық мәселелер 17 санатқа бөлінеді, мысалы: аллеялар мен саябақтарды, жолдарды, аумақтарды тазалау, жарықтандыру, көшелерді абаттандыру, құрылыс және тұрмыстық қоқыстарды шығару, аула алаңдары, кіреберістердің санитарлық жағдайы, ғимараттардың қасбеттері, ашық люктер, көгалдандыру, су айдындарын тазарту және басқалар. Бүгінгі күні 3926 өтінім келіп түсті, 2952 орындалды, 496 орындауда 429 өтінім жойылды және 49 өтінім қайтарылған.
Дайындаған: Ерқазы Сейтқали