«Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа»
2022 жылдың сәуір айының 21 және 22 аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде болашақ ұрпақтарға арналған тұрақты даму мен «Жасыл» экономиканың құндылықтары мен қағидаларын дамытуға, Еуразия кеңістігінде тұрақты дамудың іргелі идеяларын кеңінен тарату мүмкіндігін талқылауға арналған «Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» IX Халықаралық студенттер форумы өтті.
Форумның негізгі мақсаты студенттер мен жас ғалымдар үшін «жасыл» бастамаларды ілгерілетудің заманауи үрдістерін талқылау бойынша диалог алаңын құру болып табылады.
Аталмыш іс-шара екі күнге созылды, бірінші күнгі ашылу салтанатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің басшылығы, Қазақстан мен шетелдік қонақтарымыз сөз сөйлеп, алғы сөздерін айтып форумды ашып берді.
Форум халықаралық тұрғыда болғандықтан, Колумбия университеті, Вашингтон, АҚШ, Баку қ, Әзірбайжан, Баку мемлекеттік университетінен, Нүкіс тау-кен институты, Өзбекстаннан, Астрахань мемлекеттік университеті, Ресей, Халықаралық ынтымақтастық және рекрутинг бөлімінің бас маманы, Бішкек, Қырғызстан, Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінен, Томск, Ресей, Томск ұлттық зерттеу мемлекеттік университетінен, және басқа да шетелдерден қонақтарымыз қатысып, форумның жоғарғы халықаралық деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.
Екінші күнінде «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының экология мамандығының студенттері, магистранттары және докторанттары арасында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбы қазіргі уақыттағы өзекті проблемалардың бірі-су мәселесі болды. Қатысушылар арасында Қазақстан мен Орта Азия елдеріндегі су тапшылығы, судың ластануы сияқты мәселелер талқыланды.
IX Халықаралық «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» студенттік форумында жастардың әлемдік проблемаларды шешудегі қызығушылықтары мен талпынысы сезілді. Университет қабырғасында мұндай іш-шаралардың көптеп өтуі жастардың болашаққа деген көзқарасын, танымдарын дамытып қана қоймай, өз елдерінде көшбасшы ретінде экологиялық проблемалардың шешімін табу үшін алға ұмтылуға жол ашады. Біз болашақ жастарымызбен мақтанамыз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің
Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының
оқытушылары т.ғ.к. Түсүпова Б.Х., т.ғ.к. Құрбанова Л.С.
кафедра магистранты Ұлдақанова А.