Жасырын пікір қалдыруға шектеу жоқ (Видео)
Демек кез келген желі қолданушысы және блоггерлер ғаламторда өз ойларын аты-жөндерін жарияламай-ақ білдіре алады. Еске салсақ, салалық министрлік бастапқыда қолданыстағы заңға пікір қалдырушыларды, дәлірек айтсақ, блогерлерді тіркеу тәртібін енгізбек болған. Тексерілмеген ақпараттарды тарату, арандату мен экстремизмді насихаттауға жол бермеу мақсатында. Бірақ арнайы құрылған жұмыс тобының талқылауларынан кейін бұл ереже алынып тасталды.