Жаз-ата ауылындағы жарқын істер жемісін беруде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында дербес мемлекет ретінде тарих сахнасына көтерілгеніне 30 жыл толған еліміздің қазіргі сын-қатерлерді еңсере отырып, келешекке сеніммен қадам жасауы үшін бүгінгі басты мақсат-міндеттерді нақтылап берді. Соның ішінде өңірлік саясатты уақыт талабына сай жетілдіруге қатысты міндеттерге басымдық берілуі көпшілік көңілінен шықты деуге болады.

Өңірлік саясатты жетілдіру ісі – елімізді дамытудың, халықтың атқарушы билікке деген сенімін арттырудың, азаматтық қоғамның әлеуетін тиімді пайдаланудың тиімді жолы. Аталған бағытта қолға алынған ауқымды шаралардың оң нәтижесі қоғамда анық байқалып отыр. Оған жергілікті жерлердегі әлеуметтік-экономикалық қордаланған мәселелердің шешіле бастағаны, тұрғындардың өз өңірлеріндегі, ауылдарындағы түйткілдерге байланысты шешімдер қабылдауға қатысуының деңгейі өсе түскені, төртінші бюджетті қалыптастыру бағытында нақты әрі жүйелі шаралардың қолға алынуы және басқа игі қадамдар айғақ. Әсіресе шалғай елді мекендерді дамыту мақсатында ілкімді істер қолға алынды. Бұл игіліктен Мойынқұм ауданы да кенде емес.
Бүгінде аудан бойынша 24 елді мекен болса, оның ішінде Шығанақ, Бірлік, Мыңарал, Айдарлы, Жамбыл және Мойынқұм ауылдары тіректі, Мыңарал станциясы және Биназар ауылдары спутниктік елді мекендер статусына ие. Ағымдағы жылы облыстың және Мойынқұм ауданының 2025 жылға дейінгі даму жоспарларына сәйкес, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жалпы сомасы 1213,1 млн теңгені құрайтын 7 жоба қаржыландырылды. Мәселен, Айдарлы ауылындағы №2 орта мектебінің ғимараты күрделі жөндеуден өткізіледі. Бұған бөлінген 259,4 миллион теңгенің қазіргі уақытқа 70,7 миллионы игерілді. Мамыр айында басталған жұмыстар қарашада аяқталады деп күтілуде. Жұмыстар кесте бойынша жүруде. Есік-терезе және өзге де бұзу жұмыстары толық тәмамдалған. Бұл нысанда 41 адам жұмыс атқаруда. Сондай-ақ жоба шеңберінде Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков орта мектебінің ғимараты да күрделі жөндеуден өткізілмек. Қазіргі таңда есік-терезе бұзу жұмыстары 90 пайызға, электр желілері мен жылу жүйелерін бұзу жұмыстары 100 пайызға орындалған. Бұдан бөлек, аталған жоба аясында Мойынқұм, Шығанақ, Биназар, Айдарлы ауылдарындағы автомобиль жолдарына орташа жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар 2024 жылы Айдарлы ауылында кітапханасымен 90 орындық клубтың, Биназар ауылында спорттық-сауықтыру кешенінің, Бірлік ауылында стадионның құрылысы жүргізіліп, Биназар ауылының су құбыры қайта жаңғыртылады.
Мойынқұм ауданына шағын және орта кәсіпкерлікке ерекше ден қойылып, көкжиегі кеңеюде. Айталық, кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобаларының бірі «3 айлық қысқа мерзімді кәсіптік оқыту» жобасына 3,4 миллион теңге қаражат қарастырылып, 15 азаматты балық шаруашылығына оқыту жоспарлануда. Сондай-ақ кәсіпкерлік негіздеріне ауданда 175 азаматты оқыту жоспарланған. Қазіргі таңда «Бастау Бизнес» жоба аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту онлайн режимінде жүргізіледі. Қатысушылар өз бетінше оқу процесіне қатысып, бүгінгі күнге 89 азамат оқып, сертификаттарын алған. Қайырылған жұмыссыз азаматтарды компьютерлік сауаттылыққа онлайн оқыту бойынша 111 жұмыссыз оқытылды. Ал жастарға арналған жеңілдетілген несие бойынша 10 азаматтың құжаттары облыстық «Аграрлық несие корпорациясына» өткізіліп, корпорация тарапынан комиссия отырысы басталып, 8 жас бизнес жобаларын қорғады. Сонымен қатар «Қайтарымсыз грант» жаңа ұлттық жобасы бойынша 400 АЕК-пен 25 азаматқа 34,5 миллион теңге қарастырылған. Мұнда 5 үміткер бизнес жобаларын қорғап, 6,9 миллион теңгесі жеке шоттарына аударылды. Бұған қоса «Жастар тәжірибесі» аясында жыл басынан бері 24 жас жұмысқа жолданды. Сондай-ақ «Қоғамдық жұмыс» бойынша 2023 жылы республикалық және жергілікті бюджет арқылы 449,3 миллион теңге көлемінде қаржы қаралып, өңір бойынша 550 жұмыссызды уақытша жұмысқа тарту жоспарланған. Жыл басынан 432 адам қоғамдық жұмысқа тартылып, бөлшектенген қаражаттың 77 729,0 мың теңгесі игерілді. Ұлттық жоба шеңберінде «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасына 29,8 миллион теңге қаражат бөлініп, соның аясында 29 жасқа дейінгі 15 азаматпен 18 айға үш жақты келісімшартқа отыру нәтижесінде тұрақты жұмыспен қамту міндеттелген. Соның 5 айында 9 азаматпен келісімшарт жасалып, жұмысқа жолданды. «Ұрпақтар келісімі» бағдарламасына 1,2 миллион теңге қаражат бөлініп, дипломмен 2 азаматпен 6 айға келісімшартқа отыру қажет болды. Үш жақты келісімшартқа отыру нәтижесінде жоба мерзімі аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыспен қамту міндеттелген. Сонымен қатар Ұлттық жоба шеңберінде «Күміс ғасыр» бағдарламасына зейнеткерлік жасына таянған азаматтар қатыса алады. Аталған бағдарламаға 15,4 миллион теңге қаржы қаралған. Жоспар бойынша 20 азаматты қамту бекітіліп, бүгінгі күнге 20 азаматпен келісімшарт жасалып, жұмысқа жолданды. Жалпы алғанда, Ұлттық жоба шеңберінде жыл аяғына дейін қайырылған жұмыссыздардың 1 906 азаматы белсенді шарамен қамту жоспарланған. Оның 921-і тұрақты жұмыстың үлесінде.
Тағы бір айта кетерлігі, атаулы әлеуметтік көмекке жүгінгендердің белсенді шараға тартылу үлесі бойынша жоспар 76,8 пайыз болып бекітілген. Ал «Жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы» жобасы аясында ағымдағы жылға 16 жоба белгіленіп, 156 жұмыс орны ашылады деп көзделуде. Оның 48-і тұрақты, 108-і уақытша жұмыс орны. Бүгінгі күнге Бурыл-Байтал орман шаруашылығы 13, Ұланбел орман шаруашылығы 1 азаматты жұмыспен қамтыса, Көкжелек ауылына су құбырын жүргізуге «Ерке и КО» ЖШС 5, Айдарлы ауылына сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарына «Нұрбек» ЖШС 5 азаматқа жұмыс берді. Қалған жобаға қатысушы мердігердің барлығы дерлік анықталып, тапсырыс беруші мекеме басшыларына жұмыстың ертерек басталуын қамтамасыз ету туралы, жұмыссыздарды еңбек биржасы арқылы алдырту туралы хаттамалық тапсырма берілген.
Мұның барлығы халықтың тұрақты жұмыспен қамтып қана қоймай, өңір экономикасының дамуына да серпін беруде.
Мойынқұмдықтарды көптен бері толғандырып жүрген – көгілдір отын мәселесі. Егемендік жылдарында табиғи газдың қызығын көрмеген өңір халқы таяуда қуанышқа кенелмек. Нақтырақ айтсақ, аудандағы Айдарлы, Бірлік, Биназар, Назарбеков, Көкжелек, Күшаман, Жамбыл, Мойынқұм және Қылышбай ауылдарын газбен жабдықтау құбырлары мен газ тарату желілерінің құрылысы жобасы экология департаментіне зерделеуге ұсынылған. Зерделеудің нәтижесі жақын уақытта анықталады. Осы сәттен бастап жоба кезең-кезеңімен мемлекеттік сараптамаға ұсынылады. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 48,0 миллион теңге жұмсалды. Одан өзге, Хантау, Құмөзек, Қарабөгет және Сарыөзек елді мекендерін газдандыру үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге мердігермен келісімшарт жасалып, топографиялық жұмыстар атқарылған.
Өңірде тұрғын үй құрылысы да қарқын алуда. Соның жарқын дәлелі – жобалық-сметалық құны құны 166,6 миллион теңгені құрайтын Мойынқұм ауылындағы 2 пәтерлі 4 тұрғын үйлер соғу мақсатында сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаны іске асыру мақсатында қаржыландыру үшін құрылыс басқармасына заң талаптарына сәйкес құжаттар ұсынылып, облыстық экономика басқармасына қаржыландыру бойынша өтінім берілді. «Асарлатып үй салу» жобасы да өз жемісін беруде. Жоба аясында Шығанақ, Қылышбай, Бірлік, Күшаман, Биназар және Құмөзек ауылындарында жеке тұрғын үй құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Атап айтсақ, бүгінде Биназар ауылының тұрғыны М.Болысбаевтың үйінің жаңа құрылыс жұмыстары қолға алынып, үй толық көтеріліп, шатыры жабылып, есік-терезесі салынып, іші-сырты бірінші сылақпен сыланған. Ал Қызылотау ауылдық округіндегі Күшаман ауылының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі азамат Т.Шамековтің жаңа тұрғын үйінің шатыры жабылып, сылақ жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда қаржы мәселесіне байланысты құрылыс жұмыстарының жүргізілуі уақытша тоқтатылып тұр. Сондай-ақ Құмөзек ауылының тұрғыны, азамат Ж.Тұтқабайдың жаңа тұрғын үйінің құрылысы 70,0 пайызға атқарылып, үйдің ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қоса Бірлік ауылының тұрғыны, көпбалалы З.Тәжібаеваның үйінің жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін үй іргесінің айналасы тазаланып, атқарылған жұмыс 5 пайызды құрайды. Қылышбай ауылының тұрғыны азамат Ж.Еркеевтің үйінің орнында да тазалау жұмыстары жүргізіліп, қажетті құрылыс материалдары даярлануда. Бұдан бөлек, Шығанақ ауылының тұрғыны, көпбалалы Ж.Байгебаеваның үйін күрделі жөндеу жұмыстары 70,0 пайызға орындалған. Жалпы осы бағытта жоспарланған жұмыстарды 2023 жылдың соңына дейін аяқтап, нысандарды жылыту маусымына пайдалануға беру көзделіп отыр.
Ауданның асыраушы саласы агроөнеркәсіп те алшаң басып келеді. Мәселен, ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы ақшалай көлемі 2023 жылдың 5 айында 2 342,8 миллион теңгені құрап отыр. Оның ішінде барлығы мал шаруашылығы үлесінде. Тағы бір айта кетерлігі, өңірде қазіргі таңда мүйізді ірі қара – 55 514, қой мен ешкі – 201 258, жылқы – 11 783, түйе 1 181 басты құрап отыр. Осының нәтижесінде ет – 19 875, сүт 19 271 тоннаға жетті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр Жолдауы сайын пайдаланылмай бос жатқан жерлерді қайтару туралы үнемі баса айтып келеді. Бұл бағытта Мойынқұм ауылында да ілкімді істер қолға алынып, былтыр 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен 37 шаруа қожалығынан жалпы көлемі 21 270 гектар жер мемлекет меншігіне өткен.
Ауданның бюджеттің игерілуі бойынша көрсеткіштері де көңіл көншітеді. Айталық, өңір бюджетiнiң жалпы шығындары бойынша жоспар 2 494,6 миллион теңге болса, оның 2 164,8 миллион теңгесі игеріліп, 86,8 пайызға орындалған. Ал игерілмеген қаржы көлемі 329,8 миллион теңгені құрады. Оның игерілмеу себебіне келсек, 305,9 миллион теңге мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қою, соның iшiнде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлiктi иелiктен айыру бойынша облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы қаржы жоспарына өзгеріс енгізу үшін тиісті министрлікке қаржы басқармасының келісімінсіз өтінім ұсынған. Ал 14 миллион теңге Биназар ауылы көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарына қаралған қаржы, мердігер жұмысын уақытылы орындамауынан, 6,3 миллион теңге Көкжелек ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбырларын салудан (Ф-2) болмауынан игерілмеген. Қалған 3,5 миллион теңге үнемделген қалдықтарға жатады. Сондай-ақ 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 7 831,8 миллион теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,8 пайызға орындалған, яғни 641,2 миллион теңгеге артқан.
Мойынқұмда қазіргі таңда құрылыс саласына ерекше дем беріліп, қарқын ұлғаюда. Мәселен, «Ақсүйек ауылын сумен жабдықтау және су тарату құрылысы» нысаны бойынша конкурс жеңімпазы «Мелиоратор» ЖШС-мен келісімшарт жасалған болатын. Ағымдағы жылдың ақпан айында №1 қосымша келісімшарт әзірленіп, алдын ала 30 пайыз төлем жүргізілді. Ал мамыр айында 20 миллион теңгеге орындалған жұмыстар актісі өткізілді. Сондай-ақ «Көкжелек ауылындағы магистральдық және сумен жабдықтау желілерінің құрылысы» нысаны бойынша конкурс жеңімпазы «Арнайы коммуналды құрылыс» ЖШС-мен №82 келісімшарт жасалып, бүгінде құрылыс жұмыстарының 80 пайыз көлемі аяқталды. Осылайша республикалық бюджеттен – 145 663 мың, облыстық бюджеттен 4 814 мың теңгесі игерілді. Хантау ауылындағы магистральдық және сумен жабдықтау желілерінің құрылысы нысаны бойынша 2023 жылға республикалық және облыстық бюджеттен 533,5 миллион теңгеге қаржыландырылды. Экономикалық соттың шешімі бойынша «Арнайы коммуналды құрылыс» ЖШС жеңімпаз атанды. Алайда келісімшартқа отыру әзірге мүмкін емес. Маусым айында қорытынды хаттамаларға өзгерістер енгізіледі. Сонымен қатар Айдарлы ауылында спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізу үшін бөлінген 359,2 миллион теңге мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, мердігер «Нурбек» ЖШС анықталды. Бүгінгі таңда өтпелі келісімшарт бойынша мердігерге 326,9 миллион теңге жоспарланған. Қазіргі таңда объектіні жерге орналастыру (акт посадка) жұмыстары – 100, іргетас шұңқырларын (котлован) қазу жұмыстары – 100, каркасты (металл конструкция) құрастыру жұмыстары 40 пайызға орындалды. Құрылысты аяқтау мерзімі – ағымдағы жылдың қыркүйек айы.
Шу өзені мен Радай өзегінің жағалауын және су құрылымдарын жаңғырту жұмысы бойынша («Фурманов» су торабынан «Радай» өзегіне дейін) жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге «Пана-2030» ЖШС-мен №47 келісімшарт жасалып, жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Оның болжамды сметалық құны 394,9 миллион теңгені құрайды. Бүгінгі таңда 3 жақты келісімшарт жасау жұмыстары жүргізілді. Яғни шарт негізінде жобаны әзірлеуші «Пана-2030» ЖШС сараптамаға төлем жасады. Бұдан бөлек, «Радай өзені арқылы өтетін көпір салу» жобасы бойынша сметалық құжаттары әзірленген. Жобаны әзірлеген – «Лидер Проект Дизайн» ЖШС. Жобаның сметалық құны – 626,5 миллион теңге. Ол сараптама қорытындысынан 2021 жылдың 27 қыркүйегінде шыққан. 2021 жылдың 4 қазанында аталған жобаны қаржыландыру үшін облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жолданған. Алайда тиісті жобаның құнын азайту бойынша сәулеттік бюродан ұсыныс беріліп, түзетулер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, жолды 1-ші санаттан 4-5 санатқа түсіру және көпірдің енін 12 метрден 7 метрге кішірейту жұмыстары. Бүгінгі таңда аталған ұсыныс негізінде 412,9 миллион теңгеге құны азайтылып, сметалық құжаттарын келісу үшін сәулет бюроға жіберілді.
«Ақбақай ауылындағы магистральдық және сумен жабдықтау желілері құрылысы» жобасына да жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, №EO-0022/22 мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның сметалық құны 1 660,5 миллион теңгені құрады. Осы бойынша облыстық энергетика басқармасына 2022 жылдың қазан айында бюджеттік өтінім ұсынылған.
Жобалық-сметалық құны құны 110 миллион теңгені құрайтын Күшаман ауылдық клубының реконструкциясын «АлмазПроектСтрой» ЖШС әзірлеп, сараптаманың оң қортындысы берілді. Аталған жобаны іске асыру мақсатында қаржыландыру үшін құрылыс басқармасына заң талаптарына сәйкес құжаттар ұсынылып, облыстық экономика басқармасына қаржыландыру бойынша өтінім берілді.
Шу өзені жағалауына су өткізуге реттеу гидроқондырғысының құрылысын салу жұмыстарының сметалық құжаттамасын әзірлеуге жобалаушы «Пана 2030» ЖШС-мен №56 келісімшарт жасалды. Аталған жобаны іске асыру мақсатында қаржыландыру үшін құрылыс басқармасына заң талаптарына сәйкес құжаттар ұсынылып, 2023 жылдын нақтылауында 190,1 миллион теңге қаржы қаралды.
Сметалық құны 209,3 млн теңгені құрайтын Қылышбай ауылындағы 90 орындық клуб құрылысының құжаттамасын «АлмазПроектСтрой» ЖШС әзірлеп, 2021 жылы қыркүйек айында сараптаманың оң қорытындысы алынған. Аталған жобаны іске асыру мақсатында қаржыландыру үшін құрылыс басқармасына заң талаптарына сәйкес құжаттар ұсынылып, облыстық экономика басқармасына қаржыландыру бойынша өтінім берілді.
Құны 80,4 миллион теңгені құрайтын «Мойынқұм ауылы, Қажымұқан көшесі бойынан инженерлік инфрақұрылым салу» жобасының жобалық құжаттамасын «АлмазПроектСтрой» ЖШС әзірлеп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Аталған жобаны іске асыру мақсатында қаржыландыру үшін құрылыс басқармасына заң талаптарына сәйкес құжаттар ұсынылып, облыстық экономика басқармасына қаржыландыру бойынша өтінім берілді.
Сондай-ақ Көкжелек ауылында 90 орындық клуб құрылысының сметалық құжаттамасын әзірлеуге «Тараз Гео проект Люкс» ЖШС-мен келісімшарт жасалып, қаржы толықтай игерілген. Жобаның сметалық құны 173,8 миллион теңгені құрады. Сараптамашы «Expert opinion» ЖШС-мен сараптаманың оң қорытындысы шығып, жобаны іске асыру мақсатында қаржыландыру үшін құрылыс басқармасына заң талаптарына сәйкес құжаттар ұсынылып, облыстық экономика басқармасына қаржыландыру бойынша өтінім жолданды.
Жолдарды жөндеу бойынша ілкімді істер қолға алынған. Атап айтсақ, Ақбақай-Мирный аудандық маңызы бар жолдарды қысқы күтіп ұстау бойынша мердігер болып «Мойынқұм-Сервис» ЖШС анықталып, жоспарланған барлық жұмыс көлемі толығымен аяқталды. Бұған қоса, өзге де аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы-жазғы күтіп ұстау бойынша қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурс жарияланған.
Елімізде табысты жүзеге асырылып жатқан жобалардың бірі – «Дипломмен ауылға» бағдарламасы. Бағдарлама шеңберінде Мойынқұм өңірінің өркендеуіне үлес қосуға ниетті жастардың қарасы мол. Мәселен, былтыр білім беру саласы бойынша – 26, денсаулық сақтау бойынша – 4, агроөнеркәсіптік кешен бойынша – 3, спорт бойынша – 1, мемлекеттік қызмет бойынша 2 жас маман келіп, тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар оларға жалпы көлемі 11 143,8 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы, 36 756 мың теңге мөлшерінде тұрғын үй сатып алуға бюджеттік грант үлестірілді.
Әрине, Жаз-ата ауылындағы жарқын істер мұнымен шектелмейді. Алдағы уақытта да аймақты дамыту бойынша ауқымды жұмыстар өз жалғасын табады.

Қуаныш Көбенғараев,
Мойынқұм ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы