«Жаз-атаның жайлауында»
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Мойынқұм аудандық мәдениет үйіне қарасты Биназар ауылдық клубы қызметкерлері екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығына орай «Жаз-атаның жайлауында» тақырыбында «Жас Жазылбекшілер комсомол бригадалары» мүшелерімен кездесу кешін ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: қазіргі ұрпақпен Жазылбек Қуанышбаевтың өмір жолына саяхат.
Құндылықтарды дарыту. Қазақстанның көрнекті тұлғаларын, Отанды, туған жерді сүюге баулу, ата — бабамызды құрметтеуге тәрбиелеу.
Өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету. Іс-шараны Биназар ауылдық округі әкімі Наурызбаев Бағдат Балтабайұлы ашып, Жаз-атаның өмірі мен жетістіктеріне қысқаша тоқталып, келген қонақтарды Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдық мерей тойымен құттықтады. Әрмен қарай, жас жазылбекшілер бригадасының, бұрынғы Көктерек совхозы, Коминтерн бөлімшесінде құрылған «Хантау» бригадасының мүшелері атап айтсақ: бригада жетекшісі-Шыныбалаева Анаркүл, бригада мүшелері- Мұсатаев Мұхан, Тұрғанбаева Талмагүл, Әбілхаева Дариғаш, мал дәрігері Тайлақбаев Назымхан және жылқышы Рәткүл Қыдырбаевалар арнайы осы кісілер үшін жайылған ақ дастарған төріне шақырылды. Отырыста ауыл имамы Есқараев Қуаныш қол жайып, шопан атаның әруағына құран бағыштады. Ақ дастархан басында қонақтармен сыр-сұхбат болып, бригада мүшелері қалай құрылғандығынан бастап, мал баққандағы бастарынан өткен қызықты оқиғаларымен бөлісіп, кезінде мал бағып жүріп, орындайтын әндерінде шырқап берді. Кеш жас өнерпаз Октябрев Айдарханның орындауында «Көз көргендер» әнімен жалғасын тапты. Кездесу кешін тамашалауға келген оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына, Жаз-атаның беймәлім беттерінің парақтарын ашқандай толық мәлімет беріп, сұрақтарына орнықты жауап берді. Іс-шара соңында кештің құрметті қонақтарына арнайы сыйлықтар табыс етіліп, сыр-сұхбатқа толы кездесу кеші бригада мүшелерінің орындауында «Жазылбекшілер маршы» әнімен аяқталды.