Жазасын өтеушілер арасында АРТ-терапия

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде психолог мамандары сотталған азаматтармен арттерапиялық жұмыстар жүргізді. Арттерапия қазіргі таңда психотерапиялық және арнайы коррекциялық мақсатта кеңінен қолданылып келеді.
Арттерапияның негізгі мақсаты тұлға дамуын, өзін тану қабілеттерін дамыту арқылы үндестіру (гармонизация) болып табылады. “Үй, ағаш, адам” мақсаты- тұлғаның эмоциялары мотивациялық сипаттары, кейбір аспектәлері, жасырынып жатқан дүниесін ашуға мүмкіндік береді. “Жаңбыр астындағы адам” мақсаты-адамның эго күшінің диагностикасына, оның жағымсыз жағдайларға қарсы тұру қабілетіне бағытталған.
Сотталған азаматтар барынша белсенді катысып, өз ризашылықтары мен алғыстарын білдірді.