Жазасын өтеушілер аттестат алды

Жазасын өтеушілер аттестат алды

Бүгінде түрмеге тоғытылған азаматтардың да конституциялық құқығы қатаң қорғалуда. Сотталғандарға қатысты зорлық-зомбылық және басқа да адамның ар-намысына нұқсан келтіретін әрекеттерді болдырмауға бағытталған кешенді жұмыстар жүйелі жүргізіліп жатыр. Бұл ретте Таразда түрмеде жатқан азаматтарды  жұмыспен қамту, кәсіптік білім беру, тіпті арнаулы орта  оқу орнына түсуге де мүмкіндік жасалуда.

Жасыратыны жоқ, жазасын өтеушілердің  барлығы бірдей жалпыға міндетті білім алмаған. Яғни, 11 жылдық сауаты жоқтары аз емес. Осыған орай, Тараз қаласындағы №59 мекемесі олқылықтың орнын толтыруға көшіп, міндетті білімді куәландыратын құжаты жоқтарды кешкі мектепте оқытады. Сондай-ақ талапкерлер  талапқа сай  барлық пәннен емтихан тапсырған. Бүгін сынақтан сүрінбей өткендерге жалпы орта  білімі туралы аттестаттар  табысталды.  Абақтыда жатып мұндай қуанышқа кенелгендердің қатарында бес азамат бар. Мұндай игі шаралар бұнымен тоқтап қалмайды. Бұйыртса, қолына аттестаты тиген азаматтарды  биылғы  жаңа оқу жылында кәсіптік колледжге түсіріп, оқыту да жоспарлануда.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ