Жазасын өтеушілер Наурыз мерекесінде спорттық сайысқа түсті
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде сотталғандар арасында Наурыз мерекесіне орай, спорттық іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шарада жазасын өтеушілер арқан тарту, қол күресі, турникке тартылу мен асық ату бойынша жарысқа түсті.
Спорттық iс-шара өз деңгейiнде өтті. Белсенді қатысқан сотталғандарға мекеме бастығынан алғыс хаттар берілді. Аталған іс-шара жазасын өтеушілерге оң әсер тигiзетінi анық. Жарысқа қатысқан жазасын өтеушілер де іс-шарадан серпіліп қалды.
Іс- шараның мақсаты – мекемедегі сотталғандар арасында тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру, жанұяларынан жырақта жүрген жазасын өтеушілерге мерекелік көңіл- күй сыйлау болып табылады.