Жазғы лагерь көңілді
Жадырап жаз келгенде оқушылардың басым көпшілігі лагерьлерде демалуды қалайды. «Жаз жайнатып, күн күлдіріп біз лагерьге барамыз» деп балалық шақтың көңілді сәттерін қуаныш пен шаттыққа ұласқан естеліктерге толтырады. Ата-аналар да балаларының бос уақытын тиімді өткізуі маңызды екенін алға тартады. Биыл Талас ауданында балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 28 млн. 401 мың теңге бөлінді.
Ағымдағы жылы Талас ауданының білім бөліміне қарасты мектептерде 9761 баланың 400-і «Жұрындысай» балалар сауықтыру лагеріне және 2562-сі мектеп жанындағы лагерьмен қамту жоспарланған.
Мектеп жанындағы лагерь «Балалар жылы» аясында ағымдағы жылдың 01 маусым күні ашылып, ағымдағы жылдың 01-24 маусым күндері аралығында 33 мектепте 2 ауысымда бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамту арқылы өткізілуде.
Қала сыртындағы «Беріққара» шатқалында орналасқан «Жұрындысай» балалар сауықтыру лагерінде 4 ауысымда (10 күннен) 400 оқушы демалысын өткізізеді және лагерьдің ашылу уақыты 2022 жылдың 15 маусымында басталды.
Талас аудан әкімдігі