ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТЕ АУДАН БОЙЫНША 3024 ОҚУШЫ БІЛІМ АЛУДА


Жамбыл ауданының білім бөліміне қарасты білім мекемелерінде білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 1-8,10-сыныптарда білім алушылар үшін 2022 жылғы 26 мамырдан бастап 17 маусым аралығында жазғы мектепте оқыту ұйымдастырылды. Жазғы мектепке 28 орта және 1 негізгі мектептен 3024 оқушы қамтылды. Жазғы мектепті ұйымдастырудың негізгі мақсаты күрделі тақырыптарды меңгеруде оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру,білім сапасын арттыру болатын. Мектепке кез келген оқушы ата-ананың өтініші арқылы ерікті түрде келіп, білімін арттыра алады. 3024 оқушыға 640 педагог дәріс беруде.

#@zhambyl_bilim