ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЖАНҒА ШУАҚ СЫЙЛАЙДЫ.

Жуалыдай табиғаты көрікті мекеннің қай жерінде демалсаңызда, зер салып қарасаңызда тұнып тұрған сұлулық.
Осындай сұлу мекеннің бірі Теріс өзені маңында орналасқан «На речке» деп аталатын демалыс орталығы. Мұнда жанға жайлы шомылу бассейні, балаларға арналған ойын-сауық алаңшасы, дәмі тіл үйірер кәуаптары келушілердің қызығушылығын одан әрі арттырады.
Демалыс орнының басты мақсаты — өңірдің туризм кәсіпкерлік саласын дамыту. Бұл әзірге маусымдық табыс көзі болып отырғандықтан, көп дүниелер болашақтың еншісінде. Көктемде сәуір айынан қыркүйекке дейін жалғасатын қызмет түрі. Алғашында шағын бизнес түрі ретінде ашылған. Кейіннен көлемі кеңейген. Жалпы, 400 адамға арналған демалыс орталығында қонақ үй, 15 тапшан, 5 сруб-биседкасы, 1 бастырма, жиындар өткізетін залдары бар. Барлығы 15-ке жуық қызметкер демалушыларға сапалы қызмет көрсетеді. Арнайы жаттығудан өткен бес құтқарушы, екі аспаз, екі көмекші, екі медбике, екі балықшы бар. Демалушыларға шұғыл көмек қажет болған жағдайда медбикелер алғашқы көмек көрсетуге әзір екендігін жеткізді.
Кәсіпкер Асқар Ақбалаевтың дәл осы кәсіп түрін жандандыру бала кездегі арманы болатын. Ауыл тұрғындарын қала, шет ел аралатпай-ақ, өзіміздің өңірдің тамаша жерлерін демалыс орталығына айналдыру арқылы қуаныш сыйлауды көздеген болатын.

Жуалы ауданы әкімдігі