«Жедел жәрдем» қызметі де заманауи жаңғыру үрдісінен өтуде
Көп көзіне түсу үшін барлық «103» қызметтік автокөліктері ашық лимон түске боялады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, бүгінгі күнге дейін 6 автокөлік — «Форд Транзит» және 4 «Хюндай» маркалы автокөліктері боялды.
— Алдағы уақытта кезек бойынша қалған санитарлық автокөліктер боялады. Ашық түстегі арнайы көліктер көп көліктер арасында ерекше белгілі, көп көзіне түседі, сондай-ақ ақ түстегі автокөлік басқа жол қозғалысындағылар арасында байқалмай калады,-дейді қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Гулнафис Таңбаева.
Айта кетейік, көліктер 28 сәуір күні, яғни «Жедел жәрдем» күні боялды. Одан кейін көліктері Атырау көшелерімен жүріп өтті.
Қазіргі таңда облыстық денсаулық сақтау еншісінде 92 жедел жәрдем көлігі бар. Атырау облысындағы бригадалар жұмысын жеделдету үшін 2017 жылдың соңында диспетчерлік қызметті автоматтандыру программалық кешені бойынша жаңарту жұмыстары жүргізілді. Бұл аймақтағы ЖЖС, аурухананың ақпараттық жүйесі және АМК қызметтеріндегі бірыңғай автоматтандырылған қоңырауды басқару жүйесі. Ендігі жоспар – Медициналық көмек көрсету бойынша қоңырауларды басқару және бақылау жөніндегі үйлестіру орталығымен ықпалдастық орнату.
— Бүгінгі күні Атырау қаласының барлық бригадалары планшеттермен жабдықталған, бұл қоңырауларды рация немесе телефонды қолданбай-ақ бригадаға жеткізуге мүмкіндік береді,-дейді Гүлнафис Таңбаева.
Облыстағы жазатайым оқиғаларды азайту мақсатында жыл басынан бері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша 50 ерікті, оның ішінде мұғалімдер мен ЖПП қызметкерлері оқытылды. 2017 жылы 37 ерікті алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқытудан өтті.
2018 жылдың қаңтар айынан бастап 1 жедел жәрдемде босану фактісі тіркелді, дәрігерлер бес адамға өмірін сақтады. Салыстырмалы түрде , өткен жылы 8 жедел жәрдемде босану фактісі тіркеліп, 35 адам құтқарылды.
Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі