Жеке қабылдау
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2020 жылы бастау алған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында «ӘЛЕУМЕТТІК-ТҰРМЫСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖӘНЕ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ» тобының сала мамандары Шу қаласы, Төле би, Көкқайнар, Бірлік, Бірлікүстем, Жаңа жол, Ескі-Шу және Қонаев ауылдық округтерінің тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдауда кәсіби кеңестер берді.
Топ құрамында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім, ветеринария басқармаларының сала қызметкерлері бар.
Шу ауданы