Жеке қабылдау
Бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.
Қабылдауға келгендердің дені жұмыссыздық мәселесін алға тартса, бірқатар тұрғындар жер, үй және әлеуметтік мәселесімен жүгінді.
Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, заңдылыққа сәйкес түсініктеме берді.
Сонымен қатар, жұмыс сұраушыларға бүгінгі таңда аудан бойынша бос жұмыс орындарын ұсына отырып, мәселесін шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Аудан басшысы тұрғындар тарапынан айтылған мәселелердің барлығы бақылауында болтындығын жеткізді.
Сарысу ауданы әкімдігі