Жеке қабылдау

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізді.
📍Тұрғындардың басым бөлігі жер, үй, жайылым және әлеуметтік мәселерді көтерді.
❗️Атап айтсақ, Жамбыл ауданы, Түрксіб ауылының тұрғыны Майя Айдарова ауыз-су, көгілдір отын және жер мәселесін көтеріп, ауылдықтардың өтінішін жеткізді. Ал Тараз қаласы, Құмшағал алқабынан келген Орынбасар Тоқбергенов алқаптағы кейбір мәселелерді айтып, облыс әкіміне шара қолдануын сұрады.
🔹Қабылдауға жазылған өзге де тұрғындар суармалы су, әлеуметтік нысан салу, абаттандыруға қатысты бірқатар мәселелерге назар аудартты.
✅ Ербол Қарашөкеев барлық өтініштер заң аясында жіті назарға алынатын баса айтып, олар бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.