Жеке кәсіп – табыс және жаңа жұмыс орны
Мемлекеттің технологиялық мүмкіндігі мен бюджеттік қаражаттардың шектеулігі, әлемдік тікелей инвестиция нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі кезінде мемлекеттік инвестициялық саясатты дұрыс таңдау басымдығы қашанда арта түседі. Өйткені мемлекеттік саясаттың тұрақтылығы, болжам жасай алуы және сабақтастық инвестициялық жобаларды дайындау мен жүзеге асыруға қажетті жағдай туғызады.
Осы орайда Жамбыл облысындағы инвестицияға назар аударсақ:
2022-2025 жылдары жалпы құны 2 трлн. теңгеге 75 инвестициялық жобалардың базасы қалыптастырылып, әр жоба бойынша іске асыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Оның ішінде 2022-2025 жылдар аралығында шет елдің қатысуымен 1,6 трлн. теңгеге 11 инвестициялық жобалар жүзеге асып, 4626 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.
Ағымдағы жылы құны 90,2 млрд. теңге құрайтын
15 инвестициялық жоба іске асырып, 973 жаңа жұмыс орын ашылуы жоспарлануда.
Атап айтқанда, Кәсіпкерлік қолдау картасы аясында жалпы құны 56,7 млрд. теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобаны іске асырылуы жоспарлануда. 761 жаңа жұмыс орыны ашылуы көзелуде.
Сонымен қатар, индустрияландыру картадан тыс 33,5 млрд. теңге құрайтын 8 инвестициялық жоба жүзеге асырып, 212 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда:
Жалпы облысқа инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Алдағы уақытта облысқа бекітілген көрсеткіштер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, тұрақты бақылауда болады.
2022 жылдың 1-ші мамырына облысымызда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 76 208 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,5% артқан.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылған адамдар саны бүгінгі күнге 123,9 мың адамнан асып, жыл басымен салыстырғанда 2,8% төмендеген.
Алдын ала болжамдар бойынша 2021 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 766,6 млрд.теңге сомасына өнім (жұмыс, қызмет) өндірді, нақты көлем индексі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 95,3% — ды құрады.
Сонымен қатар жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 2021 жылдың қорытындысымен 21,5% құрап отыр..
Көркем Асқар