Жеке кәсіпкердің жүйкесін жұқартқан жарық «жыры»
Ағымдағы жылдың 1 ақпанында Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Б.Жылқыбаевтың жеке қабылдауында болған жеке кәсіпкер Г.Көпбаева 2021 жылдан бастап «Quyrdaq burger» автолавкасына электр қуатына қосыла алмау туралы уәжін білдірді.
Аталған мәселенің себеп-салдарын анықтау мақсатында «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-нің техникалық шартына және тұтынушы мен электржелілік тұтынушы арасындағы теңгерімдік тиесілік пен пайдалану жауапкершілігін ажырату туралы актісін Облыстық полиция Департаментінің Техникалық жабдықтау басқармасының және «Тараз қалалық электр жүйесі» ЖШС-нің жауапты мамандардың қатысумен зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде, а.ж. 9 ақпанда Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің сүйемелдеуімен облыстық полиция Департаменті балансындағы ТП-342 «В» электр трансформаторына электр энергиясына қосу туралы «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-нің техникалық шартына және тұтынушы мен электржелілік тұтынушы арасындағы теңгерімдік тиесілік пен пайдалану жауапкершілігін ажырату туралы актісіне қол қою арқылы оң шешімін тапты.