Желіге құлын байлап, бие сауған қазақтың қымызға қатысты өзіндік игі дәстүрлері бар.

Солардың бірі- қымызмұрындық.
«Қымыз дертке дауа жанға шипа». Десек осынау індеттен құтылу жолында қымызмұрындықтың ұйымдастырылуының да өзіндік мәні бар.
Қайыр қылсаң,бүтін қыл. Сарысу ауданының жергілікті билігі мен тұрғындары бірлесіп, рухани жаңғыру аясында игілікті істі сәтті ілгерлетіп жатыр.
Жомарт жандар медициналық мекемелерге қымызды өз көліктерімен жедел жеткізіп беруде.
Облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисі тарапынан бастау алған «Қымызмұрындық» іс-шарасы Сарысу ауданында қызу қолдау тапты.
Бұл жолы Саудакент ауылының жұрты , індеттен тезірек айығып кетсін деген мақсатта ауруханалардағы науқастарға ұлттық сусынды тегін таратты.
— Осында жатқан науқастардың жазылып кетуін тілейміз. Халық оларға шын ниетімен шипалы сусынды беріп жіберді.АЛЛА ТАҒАЛА шипасын берсін. Мұндай шаралар алдағы уақытта жалғастырамыз.
Қашанда қарекеттің түбі — берекет!- деп білетін аудан жұрты, бұл жолыда көңіл кеңдігінің үлгілі үрдісінен жаңылмады.
Қайта барлық ауылдық округтер игілікті істі үзбей үздіксіз жалғастыруды азаматтық міндеті санайды.
Қайырымдылық шарасы,Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Алпысұлының тиісті тапсырмасына сай, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйытқы болуымен ұтымды ұйымдастырылды.
Ал, елдің еңсесі еңкіш тартқан кезеңде қол ұшын созған жомарт жандарға ақ халатты абзал жандардың айтар алғысы шексіз.
Бұл игі іс-шара аудан көлемінде орналасқан басқа да ауылдық округтердегі шаруақожалықтары мен кәсіпкерлерден қолдау табылса алдағы уақытта жалғасын табады.