ЖЕЛТОҚСАН ҚАҺАРМАНЫНА ҚҰРМЕТ

1986 жылы 25-26 желтоқсанда 3 патриот азамат Алматыдан 2 242 шақырым, қиянда жатқан Ақтөбе облысы Алға қаласында Желтоқсан көтерілісін қолдап, қаланың көрнекті жерлеріне «Долой Колбина», «Казахи мы обижены», «Где национальные кадры?» т. б. осы текстес ұрандар жазған еді. 17-19 желтоқсанда Алматыда бейбіт шеруге шыққан жастарды аяусыз ұрып-соғып, қорлап, темір тордың арғы жағына тоғытып жатқан кезде, өздерінің бастарына келетін қиыншылықтарды білсе де, осылай қолдау білдірді. Бұл дегеніңіз көзсіз ерлік болатын!

Белгілі хирург інісі Мұрат Телеуовтің себепші болуының арқасында аман қалды. Көрер жарығы бар екен…
Б. Телеуов 2013 жылы ұзаққа созылған ауыр науқастан 55 жасында дүниеден өтті.
Беделі асқақтап, елге де, сыртқа да таныла бастаған кезі-тін! Төтеннен келген ауруға да еңсесін түсірмей өтті.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!» демекші, шәкірті, бокстан спорт шебері Тілеген Тәлімбаев 2015 жылдан бастап Болат ағайының атында турнир өткізу керек деп, Алматыдан мені шақырып, желтоқсан айында, Алға қаласында 2 мектепте және кітапханада Б. Телеуовтің өмірбаяны туралы кездесулер өткізді.
Келесі, яғни 2016 жылы желтоқсан айында Алғадан қуанышты хабар келді. Хабар беруші Тілеген Тәлімбаев еді. «Аға, ағайдың атында жарыс өткізгелі жатырмыз! Құрметті қонағымыз болыңыз!» – деп…
Болатты сағынып қалған жерлестерінің көптігінен жаңадан салынған Есет батыр Көкіұлы атындағы спорт кешенінің қабырғалары шытынап кетердей болды. Кейіннен іс-шара Ақтөбе қаласында өткізілді. Осы шаралардың басы-қасында Тілеген Тәлімбаев жүрді. Ағайы сияқты екі тілге де бірдей жетік азамат көп еңбек сіңірді.
Тілегеннің қолынан эстафетаны қолға алған, артында қалған екі тұяғы – Асылбек пен Әділбек шәкірттері, Аманжол Ержекенов бастаған жастар, Алға ауданының басшылығымен келісе отырып, жоғары деңгейде өткізді. Бұл жолы да ойдағы-қырдағы достарының көпшілігі келіп, балалары берген асқа қатысып, естеліктерімен бөлісті.
Б.Телеуов атындағы облыстық ашық турнир аудан әкімі А. Шүйіншалиевтің жүрекжарды сөздерімен ашылды.
Сөз алғандар қатарында апасы Алтын Қойшыбайқызы мен інісі Мұрат Телеуов және досы әрі зерттеушісі мен де болдым.
Істеймін деушілерге уақыттың ерте-кеші жоқ екендігінің бір дәлелі – аз ғана күннің ішінде 14 команданың келуі соның айғағы! Ұзын саны 220 былғары қолғап шеберлерінің келіп қатысуы жарыстың қандай деңгейде өткенінен хабар берсе керек. Яғни келешегі зор деген сөз!
Ең бастысы өскелең ұрпақты патриотизмге баулуда бұл жарыстың бергені мол демекпіз.
Жарысқа бас-көз болып жүрген азаматтарымызды айтпай кету дұрыс болмас. Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Баймұрат Жаналин мен Есет батыр атындағы спорттық кешенінің директоры Шайхсламов Азамат Маратұлына да риза болдық!

Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ,
Ақтөбе облысы