Желтоқсан көшесіндегі жүйелі жұмыс
Тараз қаласындағы Желтоқсан көшесінде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде.
Төле би даңғылынан Сүлейменов көшесіне дейінгі аралықтағы құрылыс алаңында қазіргі таңда жол негіздемесі дайындалып, жаяу жүргіншілер жолына асфальт төселуде.
Ұзындығы 416 метрді құрайтын жолдың құрылыс жұмыстарын «B grass» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Техникалық қадағалаушы «АКГЕМ СТРОЙ» ЖШС.
Қазіргі таңда мұнда 7 техника, 20-ға жуық жұмысшы еңбек етуде.