Жемқорлық жасаған қосшы үшін, басшы жауап береді.

Бағынышты қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың жеке жауапкершілігін күшейту туралы жиын өтті.

Аталған жиынға облыс әкімі С.Трұмов және оның орынбасарлары, аппарат басшысы, аудан, қала әкімдері мен Маңғыстау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департамент басшысы Б.Жылқыбаев, басшының бірінші орынбасары С. Қаныбеков қатысты.

Жиында Департамент басшысының бірінші орынбасары С. Қаныбеков «Бағынышты қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың жеке жауапкершілігін күшейту» туралы баяндама жасады.

Баяндамада С.Маханбетәліұлы өткен жылы Республикамыздың кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы айтты. Сондай-ақ, тәуелсіз ел тарихында тұңғыш рет басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілгенін атап өтті.

Сонымен бірге жиында заңнамада көрсетілген бірқатар жауапкершілік туралы айтыла келе, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмауға нақты, тиімді және нәтижелі шара көруді қамтамасыз етуіміз керек екендігі айтылды.