Жеңіс Қасымбек ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

 Қарағанды облысының аграршылары құрғақ жазға қарамастан жақсы өнім алды. 940 мың тоннадан астам жоғары сапалы астық бастырылды. 278 мың тонна картоп және 55 мың тонна көкөніс жиналды. Мал өсірушілер де жетістіктерін көрсетуде – ет пен сүт өндірісі тұрақты өсуде.

Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Кездесуге сала озаттары, әулет өкілдері шақырылды.

– Сіздер, ауыл шаруашылығы, азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібі саласының қызметкерлері ел экономикасына үлкен үлес қосып отырсыздар, – деп атап өтті облыс әкімі. – Ауыл шаруашылығына инвестициялар белсенді салынуда, олардың өсуі негізгі капиталдың 130,3%-ды құрады. Жыл басынан бері 303 жұмыс орны құрылып, 11,1 млрд теңге сомасына 15 инвестициялық жоба іске асырылды. Ауылшаруашылық техникалары жақсы қарқынмен жаңартылуда. Бұл шаралардың барлығы біздің негізгі мақсатымыз – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті арттыруға бағытталған.

 

 

Осы жылы облыс әкімінің құрмет грамоталарымен жерге деген махаббат ата-аналарынан берілген жаңа буын өкілдері марапатталды.

– Біздің облыста әкелер ісін олардың балалары лайықты жалғастыруда. Бұл – Прокоп, Толеуовтер, Ныгметовтар, Жабяк, Отарбаевтар, Каймаковтар отбасы әулеттері. Осындай сабақтастықпен өңірдің ауыл шаруашылығы одан әрі де жақсы қарқынмен дамитын болады, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

 

Жомарт Шаймұрат