Жеңіс Қасымбек ауыл шаруашылық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
Қарағанды облысының аграршылары күрделі жыл мен карантиннің қиындықтарына қарамастан жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Орташа өнімділік гектарына 11 центнерден бола отырып, миллион тоннадан астам астық бастырылды. 270 мың тонна картоп пен 53 тонна көкөніс жиналды. Өңірде ет пен сүт өндірісі артты. Жалпы, ауыл шаруашылығы саласы дамуда.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек ауыл шаруашылық қызметкерлерін келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады.
— Өкінішке орай, коронавирустық пандемия мен шектеулерге байланысты біз дәстүрлі салтанатты жиналыс өткізе алмаймыз. Бүгін шағын құрамда — алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың басшыларымен кездесіп, биылғы жетістіктермен бөлісіп, бірқатар мәселелерді талқылаймыз, — деді өңір басшысы. — Сіздердің осы саланы дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлестеріңізді атап өткім келеді. Сіздердің қолдауларыңызбен бірнеше жыл бойы облыстың астық және тұрақтандыру қорлары құрылуда.
Облыс әкімі АӨК дамыту басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Болашақ бесжылдыққа арналған ұлттық салалық жоба әзірленуде, онда одан әрі мемлекеттік қолдау тетіктері көрсетіледі.
Қарағанды облысында ауыл шаруашылығына салынып жатқан инвестициялар көлемі өсті. АӨК саласында 31 жоба іске асырылуда, олардың басым бөлігі ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеумен байланысты. 2020 жылға қайта өңдеу бойынша сегіз жобаны іске қосу жоспарланған.
Өңірде 52 сүт-тауар фермасы жұмыс істейді. Жыл соңына дейін тағы жетеуі ашылады.
Жергілікті фермерлер қарағандылықтарды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, өз өнімдерін елордаға жеткізеді. Ет, картоп және сәбіз, жұмыртқа, шұжық өнімдері аймақта молынан өндірілуде. Көкөніс өндірісі артып келеді.
Өндіріс озаттарына облыс әкімінің Құрмет грамоталары табысталды.
Кездесу барысында «Шахтерское» ЖШС директоры Георгий Прокопты мерейтойымен құттықтады. Бүгін, 11 қараша, ол 70 жасқа толды.
— Біз сізді табысты кәсіпкер, құрметті меценат және тәлімгер ретінде жақсы білеміз. Сіздің көп жылғы басшылық еткен уақыт аралығында «Шахтерскийде» алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік технологиялар енгізілуде, саланы дамытуға инвестициялар салынуда.
Сіздің еңбегіңізді еліміздің Тұңғыш Президенті жоғары бағалады, оның қолынан сіз Алтын белгі алдыңыз. Сіз “Отан», «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің кавалерісіз. Бірнеше рет облыстық мәслихаттың депутаты болып сайландыңыз. Қазақстан халқы Ассамблеясының, Nur Otan Саяси кеңесінің мүшесі және Қарағанды облысының Құрметті азаматы болып табыласыз. Мұның бәрі сіздің республикадағы лайықты беделіңізді көрсетеді, — деді Жеңіс Қасымбек мерейтой иесіне.
Облыс әкімі Георгий Прокопқа ауыл шаруашылық министрлігінің атынан «Еңбек ардагері» медалін және ҚР Президенті Әкімшілігінің құттықтау хатын табыс етті.
Қазақстанда ауыл шаруашылық қызметкерлерінің күні қарашаның әр үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Жомарт Шаймұрат