Жеңіс Қасымбек балалар үйінің тәрбиеленушілерін 1 маусым мерекесімен құттықтады
1 маусымда «Таңшолпанға» Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек келді. Ол тәрбиеленушілерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.
Бүгін «Таңшолпанда» 77 кәмелетке толмаған бала тұрады.
Жеңіс Қасымбекке балалар өзін-өзі басқару әкімі Михаил Востриков пен орталық басшысы Серік Әмірханов аумақ бойынша экскурсия жүргізіп, тәрбиеленушілердің тұру және бос уақыт жағдайлары туралы айтып берді.
– Мен 17 жастамын. Бір жылға жуық өзін-өзі басқару әкімі болып жұмыс істеймін. Біздің мұнда өмір сүру жағдайымыз жақсы. Көптеген қызықты іс-шаралар өтеді. Кәсіптік бағдарлау бөлмелері бар, онда біз өмір сүру үшін пайдалы дағдыларды ала аламыз немесе одан кейін де жұмыс істей аламыз, – деді Михаил Востриков.
Балалар бос уақыттарын пайдалы өткізуі үшін шығармашылық және музыкалық үйірмелер, дыбыс жазу студиясы, фотоклубтар ұйымдастырылған.
Жаңа спорт залы заманауи жабдықтармен жабдықталған. Коворкинг орталығы жұмыс істейді, онда робототехника сабақтары өтеді.
Орталықта кәсіби бағдар беру жұмысы да жолға қойылған. Тігін және ағаш өңдеу-слесарлық шеберхана жұмыс істейді. Мұнда оқушылар тек кәсіби дағдыларды игеріп қана қоймай, болашақта бұл кәсіпті негізгі жұмысына айналдырады.
– Дені сау, ақылды, білімді, креативті болып өсіңіздер! Еңбек етіңіздер, алға басып, әрқашан қайсар болыңыздар, мақсаттарыңызға қол жеткізуге тырысыңыздар! Сіздер біздің мемлекетіміздің болашағысыздар және біз, ересектер, сіздердің бүгініңіз бен болашағыңыздың бақытты және жарқын болуына бар күшімізді салып, тырысамыз, – деді Жеңіс Қасымбек.
Қарағанды облысында балалар үйлері тәрбиеленушілерінің саны жыл сайын азаюда. Қарағандылықтар балаларды патронаттық тәрбиеге жиі ала бастады.
– 500-ден астам бала патронаттық тәрбиеде. Қазір балаларды қолдау орталықтары деп аталатын бес балалар үйі бар. Оларда уақытша және тұрақты топтар бар, – дейді білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова. – Егер балалар 9-сыныптан кейін кетсе, олар колледждерге түсіп, жатақханаларда тұрады. Егер олар осында қалса, онда олар әр балалар үйінде болатын жасөспірімдер үйлеріне ауыстырылады. Онда олар 23 жасқа толғанша болады.
2019 жылмен салыстырғанда Облыстың балалар үйіндегі тәрбиеленушілер саны 666-дан 480 адамға дейін азайды. Соңғы үш жылда бес мамандандырылған мекеме жұмысын тоқтатты. Қазіргі уақытта үш мемлекеттік балалар үйін өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарына қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жомарт Шаймұрат