Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әйелдерін 8 Наурыз мерекесімен құттықтады

         Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірдегі әйелдер қауымымен кездесті. Салтанатты қабылдауға еңбек ардагерлері, өнеркәсіп және мәдениет саласының қызметкерлері, педагогтар, дәрігерлер, көп балалы аналар шақырылды. Өңір басшысы кездесуге қатысушыларды ғана емес, облыстың барлық әйелдерін де құттықтады.

 

Біздің әйелдер өздерін мәдениеттегі, спорттағы, қоғамдық жұмыстағы жоғары кәсіпқойлар ретінде лайықты көрсетіп, балалардың, көп балалы аналардың, үлескерлердің, кәсіпкерлердің, мүгедектердің, волонтерлердің, этномәдени бірлестіктердің мүдделерін белсенді қорғайды. Көбінесе нәзік жандылар билік пен жергілікті өзін-өзі басқаруда маңызды лауазымдарға ие.  Үйде де, жұмыста да сіздер бәрін ұқыпты ұстауға тырысасыздар. Қатаң әрі талапшыл аналар сияқты әрекет етсеңіздер де, адамдарға сезімталдықпен қарап, жылы көңілдеріңізді бөлесіздер, — деді өңір басшысы.

 

 

Бүгінде медицина саласында әйелдердің 83%-ы, білім беруде — 80%-ы еңбек етеді. Пандемия жағдайында дәрігерлер мен педагогтар өздерін нағыз маман ретінде көрсетті.

Әкім қиын кезеңге қарамастан, олардың өз ісіне деген табандылығы мен жауаптылығын атап өтті.

 

                                                                                                      Жомарт Шаймұрат