Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысыныңәйелдерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады

8 наурыз қарсаңында гүлдер, сыйлықтар, жүрекжарды әңгіме –  Қарағанды облысыныңәкімдігінде әйелдерге арналған құттықтау осындайболды. Мерекеге әр түрлі қалалар мен аудандарданерекше көзге түскен әйелдер қауымы жиналды. Шақырылғандардың арасында мұғалімдер мендәрігерлер, мәдениет және спорт қайраткерлері, кәсіпкерлер мен полицейлер, көп балалы аналар бар.

Биылғы жылды Президент балалар жылы депжариялады. Кездесуде бала тәрбиесіндегі әйелдіңрөлі және ананы қолдаудағы мемлекеттің маңызытуралы көп айтылды.

Біз не салсақ та, мемлекет деңгейінде не істесекте, баланың басты қорғаушысы әрқашан ана болады, – деді аймақ басшысы. – Сондықтан әйелдердіңденсаулығы мен әл-ауқатына да үлкен көңіл бөлінеді. 8 наурыз  әйел-анаға тағзым етудің бір белгісі. Анаболу –  үлкен еңбек. Біз көп балалы аналар саныныңжыл сайын өсіп келе жатқанына қуаныштымыз.

Бүгінде Қарағанды облысында 18 мыңнан астамкөпбалалы ана тұрады. Олардың көпшілігі үйшаруашылығымен ғана емес, сонымен қатар табыстыкәсіпкерлер болып, қайырымдылықпен айналысады.

Дәстүр бойынша кездесуде көпбалалы аналар«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларыменмарапатталды. Алтын марапатқа жеті бала тәрбиелепотырған Айнұр Сафарова ие болды. Күміс алқа ӘселӘубәкірова мен Сәуле Төребековаға табысталды. Сондай-ақ, бес әйел Қазақстан Президентінің алғысхаттарымен марапатталды.

 

 

Одан әрі бейресми жағдайда Жеңіс Қасымбекбарлық жиналған нәзік жандыларды тыңдап, олардытолғандыратын сұрақтарға жауап берді. Әйелдерөздерінің өмірлік және кәсіби тәжірибелеріменбөлісті. Дәрігерлер вакцинацияның, әсіресе жүктіәйелдер үшін қаншалықты маңызды екенін ескесалды. Бұл ананың да, баланың да денсаулығынсақтауға көмектеседі. Мұғалімдер отбасылыққұндылықтарды сақтауға шақырды. Сонымен бірге, барлығы білім беру мәселесінде әкенің де, ананың да рөлі бірдей маңызды екендігімен келісті.

 

 

Дені сау әйел салауатты ұрпақ тәрбиелейді. Мен өзім көп балалы анамын. Менің төрт балам бар. Егер әрбір көп балалы ана мемлекетке дегенмасылдық қарым-қатынасты жойып, ана болу жауапкершілігінің дәрежесін түсініп, осы атақтымақтанышпен алып жүретін болса, онда біздіңелімізде бақытты отбасылар көп болады депесептеймін, – деп атап өтті Өңірлік іскер әйелдеркеңесінің төрайымы Гүлия Жәңгірова.

– Мен осындай жағымды іс-шараға алғаш ретқатысып отырмын. Бұл кездесу ресми түрде өтуде, дегенмен атмосфера жылулыққа толы, – дейдіТеміртау мұражайының директоры Наталья Скорикова. – Қарағанды облысының, Қазақстанныңжәне бүкіл әлемнің әйелдерін мерекеменқұттықтаймын. Оларға, олардың балалары мен жақындарына денсаулық тілеймін! Және де, әрине, бейбіт аспан болсын!

                                                                                                  Жомарт Шаймұрат