Жеңіс Қасымбек Қоғамдық кеңес алдында есеп берді
Пандемия кезіндегі қайта құру және жаңа шындыққа бейімделу. Қарағанды облысы 2020 жылғы қиын сын-қатерлерге қалай төтеп берді және 2021 жылы не істелетіні туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек Қоғамдық кеңес алдындағы есебінде айтып берді.
Барлық қиындықтарға, ТЖ режимі мен карантиндік шектеулерге қарамастан, облыс дамудың оң динамикасын сақтап қалды.
Біздің бірінші кезектегі міндеттеріміз тұрғындардың денсаулығын сақтау, бизнесті қолдау, тұрақты табыс пен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету болды, — деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Өткен жыл аралығында 2500-ден астам тұрақты жұмыс орындарын құрумен 11 жаңа өндіріс іске қосылды.
Өнеркәсіпте өнім көлемі 1,5% өсіммен 2,9 трлн теңгені құрады. Инвестиция тартуға үлкен көңіл бөлінді. Өткен жылы олардың көлемі 678,2 млрд теңгені құрады, оның 81,6%-ы — жеке қаражат.
Түрлі бағдарламалардың арқасында 35 мың жаңа жұмыс орны ашылды.
Жомарт Шаймұрат