Жеңімпаздар марапатталды
«TALAS INVESTMENT COMPANY» ЖШС демеушілігімен өткен жеңіл атлетикалық жүгіріс Б.Момышұлы көшесінен басталып (Қаратауға кіре берістегі аркадан) Д.Қонаев көшесінің жоғарғы жағы, А.Шейн көшесі және Ә.Молдағұлова көшесін бойлай Орталық алаңда аяқталды. Яғни жүгірушілер мәре сызығын кесті.
Жеңіл атлетикалық жүріс жүлдегерлерін Талас ауданы әкімінің орынбасары Жайықбай Шалдаров марапаттап, алдағы бәсекелерге сәттілік тіледі.
Жеңімпаз жүлдегерлер ақшалай сыйақымен марапатталды:
I орын: 50 000 тг.
II орын: 30 000 тг.
III орын: 20 000 тг.