Жеңіс Қасымбек сурдлимпиядашылармен кездесті
Спорт күні қарсаңында Қарағанды облысының әкімі сурдлимпиадашылармен және олардың жаттықтырушыларымен кездесті. Біздің төрт спортшымыз Бразилияда өткен жазғы Сурдлимпиада ойындарында таеквондодан қола медаль жеңіп алды.
Жүлдегерлер Аян Әбдіраш, Нұрдәулет Жақып, Виктор Фрундин, Айжомол Әбдікатова болды.
27 жастағы Аян Әбдіраш 9 жасынан бастап спортпен шұғылданады. Оны спорт секциясына анасы алып келген.
– Мен команда капитаны болдым. Бұл елімнің және спорттағы әріптестерім алдында үлкен жауапкершілік. Мен үшін бұл үшінші Сурдлимпиада ойындары. 18 жасымда Болгариядағы алғашқы Сурдлимпиядаға қатыстым. Ол кезде мен бесінші орын иелендім. 2017 жылы мен Түркияда өткен Сурдлимпиада ойындарында өнер көрсеттім. Чемпион атандым. Биыл қола медаль жеңіп алдым. Енді Азия чемпионаты мен кезекті Сурдлимпиада ойындарына тыңғылықты дайындаламын, – деді Аян Әбдіраш. – Мен біздің жаттықтырушыларымызға олардың бізді шыңдауда көрсеткен шыдамдылығы мен еңбегі үшін ризамын.
Жеңіс Қасымбек ойын жүлдегерлерінің тәлімгерлері – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Руслан Ищанов пен Хабдулла Төлегеновтың жұмысын алғыс хаттармен атап өтті.
– Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше қолдауының арқасында елімізде көптеген спорт түрлері жақсы дамып келеді. Салауатты өмір салты насихатталады. Сіздердің алдарыңызда үлкен міндет тұрды – өздерңіздің спорттық жеңістеріңізбен қазақстандық спорттың әлеуетін дәлелдеу керек болды. Осындай маңызды халықаралық жарыстардың жүлдегерлері атанып, үздік нәтиже көрсеттіңіздер, – деп атап өтті облыс әкімі.
Сондай-ақ, кездесу барысында сурдлимпиадалық спорт түрлерін дамыту мәселелері мен әлеуеті талқыланды. Спортшылардың жаттықтырушылары қарқынды жаттығуларға арналған өз алаңдары жоқ екенін айтты. Аймақ басшысы спортшыларға олардың проблемаларын шешуге көмектесуге уәде берді.
– Біз қазір ITF таэквондо мектебінде жаттығамыз. Онда біз 20 жыл бойы жаттықтық. Бізге кілем жабының жаңарту қажет, бағалаудың жаңа электрондық жүйесі қажет, – деп атап өтті Руслан Ищанов.
XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында өнер көрсеткеннен кейін Аян Әбдіраш, Нұрдәулет Жақып, Виктор Фрундин, Айжомол Әбдікатоваға Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шеберлері атағы берілді.
Қарағанды облысының билігінен олар қол жеткізген нәтижесі үшін 1,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем алды. Сонымен қатар, әр спортшыға ай сайын 800 мың теңге көлемінде стипендия беріледі.
Жомарт Шаймұрат