Биыл екіншідүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталғанына 80 жыл толып отыр. Осы орайда, Ұлы Отан соғысы жылдарында жасалған ерліктерді әскери әндер арқылы насихаттау мақсатында ауданымызда іс — шаралар жоспары әзірленіп, ұйымдастырылып келеді
Бүгін аудандық мәдениет үйінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ардагерлер арасында «Жеңіс туы желбіресін» атты аудандық іріктеу байқауы өтті.
Байқауға «Вокал», «Аспапта орындау (ансамбль)», «Хор ұжымы» және «Хореография (жеке немесе топтық)» номинациялары бойынша 17 қатысушы бақ сынасты.
Шараның ашылуына қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, Ұлы Жеңістің отты жылдарындағы майдангерлердің ерліктерін насихаттау қашан да маңызды екенін жеткізді. Байқауға Тараз қаласынан Жамбыл облыстың қоғамдық кеңестің мүшесі Пернебек Оспанов, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі және жауапты хатшысы -Ильясов Қонысбай Қуандықұлы құрметті қонақ болып қатысты. Сайыс барысында қатысушылардың сахнада өзін — өзі ұстауы, сахна шеберлігі мен сайыс талаптарына сай келуі бағаланды.
Қазылар алқасының шешімімен «Аспапта орындау» номинациясымен Жаңатас қаласынан қатысқан «Ерке сылқым» тобы жеңімпаз деп танылса, «Вокал» номинациясы бойынша Айтақова Рая үздік деп танылды. «Хореография» номинациясы бойынша Талпақова Бейбіт бірінші орынды иеленсе, «Хор ұжымы» номинациясымен Жаңаарық ауылдық округінің өнерпаздары лайықты деп танылып, облыстық сайысқа жолдама алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен қаржылай сыйлықтар тапсырылды.