Жер қатынастарын реттеу Үкімет назарында
Елімізде жер қатынастарын реттеу нормаларында халыққа тиімді шешімдер жүзеге асып келе жатыр. Бұл маңызды тақырып аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің тікелей тапсырмасымен көптеген маңызды шешімдер өмірге келді. Солардың қатарында жерді иемденіп алып, тиімді пайдалана алмай отырған мекемелер мен тұлғалардың иелігіне қарата тексерістерідің басталуы еді. Өйткені ауылдағы ағайынның басында жайлымдар мен егіс алқаптарының тапшылығы күнтәртібіне шыққан еді.
20 қыркүйек күні Үкімет үйінде Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен жер комиссиясының жаңа форматтағы отырысы өтті. Айта кететін бір жаңалық- Жерді алып қою жөніндегі комиссияның атауы мен жұмыс форматы Ауыл халқының мұқтажы үшін жерді қайта бөлуді, сондай-ақ жер ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау жөніндегі республикалық комиссия болып өзгергендігі болды. Жиналыста жерді тиімді пайдаланушылардың мүдделеріне нұқсан келтірмеу үшін пайдаланылмаған, сондай-ақ заңсыз берілген жерлерді мемлекетке қайтару рәсімін оңайландыру мәселелеір талқыланды. Сондай-ақ жерді адал пайдаланушылар мен жосықсыз пайдаланушылар мәселесі де қарастырылғандығын айта кеткен жөн.
Таратылған ақпараттарға жүгінсек, АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің республика бойынша аумақтық бөлімшелері биылғы қаңтардан бері қарай 1302 жоспардан тыс тексеру жүргізген. 1,4 млн га алаңда жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 953 ұйғарым енгізген. 2024 жылдың басынан бастап қайтаруға жоспарланған 2 млн га ауыл шаруашылығы жерлерінен 1,5 млн га қайтарылған.
Ерқазы Сейтқали