ЖЕР МӘСЕЛЕСІ

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап үшінші тұлғаның жеріне еккен шаруалар мемлекеттік қолдау ала алмайды.
Аталған мәселе бүгін тиісті сала мамандарымен және аудандардағы әріптестермен бірге талқыланды.
Ендігі жерде жер пайдаланушы мемлекеттік қолдауларға өтінім бергенде мемлекеттік актіні қоса тіркейді және ол космомониторинг арқылы автоматты түрде тексеріледі.
Сәйкессіздік орын алған жағдайда өтінім қарастырылмайды.
Сондықтан, шаруалар жылдың соңына дейін жер пайдалануға қатысты құжаттарын ретке келтіргені дұрыс.

Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары