Жер реформасы комиссиясы дауысқа салып, дауласар ма екен?..

Күлтөбенің басында күнде жиын» болғалы тұр. Өйткені, жер реформасы бойынша комиссияның отырысы әр сенбі сайын өтетін болды. Әрине, әбден қордаланған проблема бір күннің аясында шешіле қоймасы тағы анық. Оның қаншаға созыларын да ешкім тап басап айта алмас. «Жер туралы Кодекстегі» кейбір екіұшты заң тармақтарын қайта қарауды президенттің өзі бұйырғаны белгілі. Үкімет мүшелерінің бекітілген заңды халыққа терең түсіндіре алмағанына ренішін білдірген Президент: «Халыққа ұнамайтын заң бiзге керек емес», — деп ашу шақырғаны есте. Сонымен қатар, президент үкімет жанынан премьер-министрдің бірінші орынбасары Сағынтаевтың басшылығымен комиссия құруды тапсырған болатын. Сол бұйрыққа сәйкес, 14 мамыр күні Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың жетешілік етуімен Ұлттық мұражайда жер реформасы жөнінде құрылған комиссияның алғашқы отырысында жұмыс тобының регламенті бекітілді. Жасақталған комиссияның құрамына парламенттің қос палатасының депутаттары, үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, агробизнес өкілдері, ғалымдар мен азаматтық белсенділер атынан барлығы 75 адам енді. Сондай-ақ, комиссияда әр өңірден бір-бір өкілден бар.
«Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» демекші, небір ығай мен сығай осында бас қосқаны даусыз. Әр алуан пікірлер айтылды. Тістеніп жүргендер құмардан шықты. Ашынғандар да болды, тасынғандар да болды. Арағайындыққа салып басу айтқандар да кездесті. Әлемдік тәжірибеге сүйеніп, жерді жалға берудің пайдасына тамсанғандар да жолықты. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, халықтың наразылығына ұшыраған жер реформасын талқылау 7 сағатқа созылды.
Осылайша жер мәселесіне ұлттық тұрғыдан келген екі тарап, өз ұсыныстарын білдіріп, ашуға ерік бермей, халықтың қалауын орындауға ыңғай танытты. Біз екі жаққа да бұра тартпай, айтылған пікірлер мен ұсыныстарды шамамыз жеткенше тарқата жазып, (Бәрін қамту мүмкін емес әрине) шешім шығаруды оқырманның өз ықтиярына қалдыруды жөн көрдік.
Айтпақшы, комиссияның құзіреті туралы бір ауыз сөз айта кетелік. Комиссия жұмысының қорытындысы Парламентке енгiзiледі. Демек, комиссияның құрылуы тегін емес деген сөз. Ендеше ел сенім артқан «серкелер» әр ісіне мұқият болғандары дұрыс.

????????????????????????????????????

БҰҚАРАНЫҢ ЭМОЦИЯСЫМЕН ОЙНАУ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Алқалы жиынды ашқан Комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысушылар қаперіне қандай шешім шықса да сабырмен, ақылмен қабылдауға шақырды. Осында келген әрбір азаматымыз 17 миллионнан астам халықтың атынан келіп отыр. Сондықтан, көптеген пікірімізді саралап, сараптап айтып, ынтымақтастықпен тиімді шешім қабылдауға шақырамын. «Келісіп пішкен тон келте болмас». Біздің алдымызда ел үшін тағдырлық мәні бар мәселені мұқият талқылау міндеті тұр. Осыған дейін айтылғандай, жер шетелдіктерге сатылмайды және сатылған емес. Бұл — мемлекеттің мызғымас ұстанымы. Жер Кодексіне енгізілген өзгерістердің мақсаты- жердің жұмыс істеуі, халықтың игілгі үшін пайда әкелуі. Осыны халыққа түсіндіру керек. Біз бұл жерге дауласу үшін емес, жер мен ел тағдырын талқылауға жиналдық, — деді ол.
Айта кетейік, отырыста саясаттанушы Айдос Сарым комиссия мүшелерінің арасынан арнайы редакциялық жұмыс тобын құруды ұсынды. Сондай-ақ, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан комиссия мүшелері аймақтардағы жергілікті тұрғындармен кездесіп, халықтың пікірімен санасуға шақырды. Жиынға қатысушылар бұл ұсыныстарды бірауыздан мақұлдады. Одан кейін пікір алмасу басталды. Біз нысанаға дөп тиеді-ау деген пікірлерді жиынтықтап ұсынуды жөн көрдік.

f7abac252ae5ed68121b92ba7a669d87_L-mhq1egtt37khpdmoz8c7n004mkyxkjhewxhfq72x3eҚР Президенті мәдени орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков:
— Шынтуайтына келгенде, халықтың ашуланатындай жайы бар. Мен ойлаймын, өткенде біздің бауырларымыздың батыста дауыс көтеріп, сөйтіп кәдімгідей наразылық білдіргені – ол тек сылтау. Өйткені олар біліп отыр жердің сатылмайтынын, бірақ жерді бөлуде әділетсіздік болатынын сезіп тұяқ серпіп жатыр.

Қазақстан ғалымдар одағының төрағасы Оразалы Сәбден:
— Бiрiншi кезекте, игерiлмей жатқан жерлерден мемлекеттiк қолдау арқылы еркiн экономикалық 9028аймақ жасау керек. Инфрақұрылым жасау қажет, үйлер салу керек. Бұл туралы Парламентте арнайы заң қабылдаған жөн. Екiншiден, халықты, әсiресе, жастарды жобаға жұмылдыру керек. Оларға көтерiңкi жалақы берiп, барған жерде жағдай жасалса, жастар елiмiздi көтеруге атсалысып, патриоттық борышын жете түсiнедi. Үшiншiден, бұл жобаны Елбасының «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» бағдарламаларының аясында iске асырса болады. Сонымен бiрге, бұл жобаның геосаяси мәнi бар. Сондықтан демографиялық мәселе де шешiледi.

sostoyanieҚоғам қайраткері Мұхтар Тайжан:
— Мен қазақтың қолынан жер игеру келмейді деген сөзбен келiспеймiн. Бұл тым асырып айтылған әңгіме… Мен өзiм асфальтта туып-өскенiммен, соңғы үш жылда ауыл шаруашылығымен айналысамын. Шаруалармен бiрге пияз егемiн. Көріп жүрмін бiздiң шаруалардың қолынан бәрi келедi, оларға тек мүмкiндiк керек деп ойлаймын. Президент өте дұрыс айтты, халыққа ұнамайтын заң бiзге керек емес. Ал халық өз пiкiрiн, ұстанымын осы үш-төрт аптаның iшiнде айқын бiлдiрдi. Халқымыз шетелдiктерге жердi не сатуға, не жалға беруге қарсы. Осыны естен шығармайық. Осы үстелдiң басында отырған ел ағалары, ел жақсылары, академиктер, депутаттар, үкiмет өкiлдерi, бiрақ ешқайсысы халықтан биiкпiн, жоғарымын деп айта алмайды. Сондықтан халықтың пiкiрi осындай болса, бiз оны орындауымыз керек. Билiк қазiр бізге есiгiн ашқаннан кейiн келдiк. Ақылмен, сабырмен мәселенi шешейiк деп келдiк. Комиссияның бүгiнгi отырысы жақсы үрдiстiң басы ғана деп ойлаймын.

t3MnxWd6PS0

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан:

— Осындай комиссияның құрылуы — Қазақстан тари-хындағы ерекше қа-дам, демократиялық институттың кемел-денгенiнiң бiрден-бiр көрiнiсi. Бұл әлеуметтiк, экономикалық, саяси, геосаяси мәселе екенiн бiлiп отырмыз. Бiрақ, мына мәселенi ескере кету керек деп ойлаймын. Жалпы, ел осы жерде бұлқынды, жер дегенде жаны шықпаған қазақ жоқ. Егер ұлт осындай реакция жасамаса, қорқынышты нәрсе сонда болар едi. Бұл — ұлттық сананың салтанатын көрсеттi. Әттең, кей бауырларымыз шыққан кезде, кейбiр дезинформацияға сенiп қалды. Туған-туысымыздан сұрағанда, олар: «Жер сатылайын деп жатыр екен, сол үшiн бұлқындық» дейдi. Шынында, бұл дезинформация болды. «1 шiлдеден қытайлар келедi де, қазақтың жерiн сыпырып шетiнен сатып алады екен» деген қауесет те халықты шошытқаны анық. Әрине, мұндай кезде қозғалмайтын адам болмайды. Ал бұл жерде Үкiметтiң олақтығы болды, түсiндiре алмадық. Бұқараның эмоциясымен ойнаған кезде өте сақ болу керек.

ЖЕР МӘСЕЛЕСІН ШЕШПЕЙ, ЭКОНОМИКАНЫ ӨРКЕНДЕТУ МҮМКІН ЕМЕС

83560-preview-imageСаясаткер Айдос Сарым:
— Жер туралы айтып жатқан азаматтардың бәрiн қолдаймын. Бiрақ, бiр нәрсенi ұмытып жатырсыздар. Жерге қарап жүрген адам айналасына да қарауы керек қой. Егер бүгiн жер туралы мәселеде қоғамдық үлкен консенсус пайда болмаса, салып жатқан ақшаларыңыз, инвестицияларыңыз, темiр-терсегiңiз он жылдан кейiн түкке аспай қалуы мүмкiн. Өйткенi, қоғам қарсы болып жатса, мейлi сiз жүз, мейлi мың отбасыны асырап отырсаңыз да, бәрiн ертең жоқ қылады. Яғни, жер мәселесiн шешпей, өзiнiң экономикасын аспандатқан әлемде бiрде-бiр ел жоқ.

photo_25857«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед:
— Жер — қазақ ұғымында тек мате-риалдық емес, сонымен бірге рухани игіліктердің де ордасы. Сондықтан Елбасы жер туралы заңға өзгеріс енгізуді бір жылға шегеріп, пікір айтқысы келген әр азаматқа айқара есік ашып отыр. 1999-2005 жылға шейін шетелдіктерге 99 жылға Қазақстан жерін жалға алуға рұқсат болған екен. Бірақ оны ешкім талап әкеткен жоқ қой, соны біліп отырмыз.

1451250362_69653Қоғам қайраткері, ақын, Мұхтар Шаханов:
— Қазір халықтың жағдайы нашар, осыны ескеру керек. Жер сатылмайды деп сөз берген депутататтар кезінде. Бірақ сатылып жатыр. Ал, бүгінгі наразылық елдің мүд-десі үшін болып жатыр. Жер — анамыздың анасы, бабамыздың бабасы. Жерден айырылсақ, ештеңеміз қалмайды. Сол үшін жерді шетелге сатқанды да, жалға бергенді де тоқтату керек. Мен депутат болып жүргенде көп жер арабтарға беріліп кетті. Біз бұған түбегейлі қарсымыз.


Қоғам қайраткері Зәуреш Батталова:

— Жер кодексiне енгiзiлген көп нормалар жақсы, бiрақ, олар iске асырылмады. Мысалы, заңда ауылда тұратын адамға 25 жылға, қалада тұратын адамға 10 жылға берiледi деп көрсетiлген ғой. Бұл мәселе әлi шешiлген жоқ. Сондықтан бүгiнде, әсiресе, баспанасыз жүрген халық шулап отыр. Кiм бүгiн наразылық бiлдiрiп отыр? Осы адамдар. Ауыл шаруашылығымен айналысатын адамдарды тыңдап отырмыз. Олардың сөзiнiң де мәнi бар, оларды да, әрине, елеп-ескеру керек. Бiрақ, бiз мына мәселелердi шешпей, қалай нақты шешiм қабылдаймыз. Халық «бiз өз елiмiзде жетiм болып қаламыз, ешкiмге керек болмай қаламыз» деп шырылдап отыр. Осы мәселені дұрыстап түсіндірген жөн. Комиссияның шешiмiн халық қабылдауы үшiн, бiздi ертең қарсы шықты деп кiнәламауы үшiн, бiрiншi кезекте, халықтың мәселесiн қарайық, өз азаматтарымызды қамтамасыз етейiк. Мен өзiм осы комиссияға келгенiме өте қуаныштымын. Комиссия құрамында екi ғана әйел екенбiз. Басқа әйелдерге орын табылмапты. Қорытындылай келе, айтарым, комиссия мүшелерi халықтың ойынан шығатын шешiмдi қабылдауы керек.

КӨЛ-КӨСІР ПАЙДА КӨРІП ЖАТҚАН ЕЛДЕР АҚЫМАҚ ПА?

Осылай деп өз ұстанымдарынан қайтпаған шенеуніктер де бой көрсетті: c1477e118fd440efdde266fc39b401c4
С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университет ректоры Ақылбек Күрішбаев:
— 7 млн га жерді пайдаланбай тастаған біздің шаруашылықтар. Басқа мемлекетте 7 гектар жер таппайсың. Неге? Өйткені, қожайын бар. Бұл негізгі мәселе. Мұны агрономдар жақсы біледі. Тұрақты өнім алу үшін, жерге жұмыс істеу керек. Еңбек жасау керек. Пестицит беру керек, тыңайтқыш беру керек. Ол бір жылда шықпайды. Бірнеше жылдан кейін жемісін алады одан. Ал енді келесі мәселе – жерді жекеменшікке беру. Ол Қазақстанның ноу-хауы емес, ол дамыған елдерде қалыптасқан норма. Сонда дамыған Канада, Америка, Еуропаның басқа елдері ақымақ па?

photo_25854ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов:
— «Жер шетелдіктерге сатылмайтыны жаңа да, бұның алдында да айтылып жатыр. Бұл жерде тағы бір мәселені айтқым келеді. Егер де шетелдік компания немесе шетелдік азамат жерді Қазақстанның резидентінен сатып алғысы келетін болса, оны қазір нотариус арқылы рәсімдеуге тыйым салынған. Егер де шетелдің азаматы немесе шетелдік резидент Қазақстанның жерін жалға аламын десе, тек қана конкурсқа қатысуы керек. Екінші айналымнан, нарықтан сатып ала алмайды. Бұған тыйым салынған. Елдің арасында ауыл маңындағы жайылымдық жерлер, мал үшін қажетті шалғын жерлер де жекеменшікке сатылып кете ме деген алаңдаушылық бар. Елді мекендердегі, шалғай жерлердегі мал шаруашылығына арналған жерлерді сатуға тыйым салынған. Бұл бапта нақты көрсетілген.

ҚР Экономика министрі Қ.Бишімбаев:
— Австралия, Канада бізге ұқсас елдер. Олар экономиканы əртараптандыру мb5acbb058f9baea9425caff5a276b14eақсатында жер реформасын сəтті жүзеге асырған. Бұл елдерде жер телімдерін пайдалануда меншік құқы шектелмеген. Іске асырылған реформалардың арқасында Австралияда соңғы жылдары ауыл шаруашылығына жыл сайын 2-4 миллиард Австралия доллары тартылып келеді. Сондай-ақ Үндістан, Əзербайжан, Чили сияқты дамушы елдерде осындай реформалардан кейін жер жекешелендіруге берілді. Мəселен, Үндістанда 1979 жылдан бастап жалға беру мерзімі 20 жылдан асады. Нəтижесінде он бес жыл ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы өнімділік 28 пайызға өскені анықталды. Əзірбайжанда 1997 жылы жерді жекешелендіру туралы заң қабылданды. Осы заңға сәйкес, жер шетелдіктерге жалға немесе жергілікті азаматтарға жеке меншікке беріледі. Осы елде 2003 жылы жердің өнімділігі 50 ден 100 пайызға дейін өскені анықталды. Өсімдік шаруашылығының қарқыны қырық пайызға дейін өсті. Чилиде 1974 жылы жерді жекешелендіру басталды. Бұл елде шетелдіктердің жерге меншік құқы шектелмеген, соның арқасында жердің өнімділігі 26 пайызыға артқан.

Халық өз құқықтарын талап етуге кірісті

ТҮЙІН: Алқалы отырыста қанша комиссия мүшесі болса, сонша пікір айтылды. Қорытынды бойынша жер туралы заңды бүге-шүгесіне дейін зерделейтін 4 жұмыс тобы анықталды. Олар заң, түсіндіру, экономикалық, ашықтық және транспарентті бағытта жұмыс жасайтын болады. Олар келесі жиынға дейін бүгінгі айтылған пікірлерді жинақтап, нәтижесін коммиссияның алдында жариялайды.
Қоғамда өзіндік айтар ойы бар, комиссияның белді мүшесі «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы, саясаткер Дос Көшім мырзадан елді елеңдеткен жиыннан көңілге түйгендерін жіліктеп беруін өтіндік. — Бұл жиындағы бас-ты мақсат: Кім кімді жеңуде емес сияқты. Билік пен халық өкілдері бір-біріне бітіспес жау емес қой. Билік — өзіміздің қызметшілер. Бірақ олардың жер мәселесіндегі бағыты – халықтың белгілі бір топтарына ұнамай отыр. Әсіресе, қазаққа. Шынын айтсақ қазақ одан қауіп көріп тұр. Ол қауіп сырттан да, іштен де байқалады. Комиссияның құрылуындағы мақсат: билік өз ұстанымын дәлелдеуге тырысса, халық атынан келгендер өз көзқарастарын дәлелдеуге күш салуда. Біздің тараптан жалғыз ғана қауіп бар. Ол: Комиссияның 75 адамы жиналды деп, өзекті мәселелерді дауысқа сала ма деген қорқыныш. Олай болса, билік мақсаттарына жетеді. Сөйтіп комиссия осылай шешті деп халықтың алдына ұсынбақшы. Дегенмен, бізде қарап жатқан жоқпыз. Қауіптің алдын алу үшін өз ұсынысымызды айттық. Соның негізгісі — ұсынылған мәселеге жиналғандардың бірі қарсы болса ол ұсыныс өтпеуі керек деген байлам. Қысқасы, біздің осы жағынан ғана алаңдаушылығымыз бар. Басқа жағына дайынбыз. Өйткені мұндай комиссияның отырысына талай мәрте қатыстық. Тәжірибеміз жетеді. Мен мынаны айта кеткім келеді: «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед «1999-2005 жылға шейін шетелдіктерге 99 жылға Қазақстан жерін жалға алуға рұқсат болды. Бірақ оны ешкім талап әкеткен жоқ қой, соны біліп отырмыз» — деді. Соған жауап бере кетейін. Ол кезде халық жер туралы заң қабылданып жатқанын білген жоқ. Екіншіден, халықтың саяси деңгейі өте төмен болды. Басқаны қайдам, менің өзім шетелдіктерге 10 жылға жалға беру керек дегенді естіген жоқпын. Қазір халықтың сасяи деңгейі өсе бастады. Олар заңға үңіліп, өз құқықтарын талап етуге кірісті. Бұл демокра-тиялық дамудың басты бел-гілері.

Нағашыбай Қабылбек