Жер сатуды шығарып жүргендер қой терісін жамылған қасқыр секілді латифундистер.

– Ұлттық музейде өткен Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов жер сату дауына басты кінәлілер латифундистер екендігін кесіп айтты.

– Жалпы, жер сату дауын шығарып жүргендер негізінен латифундистер. Қой терісін жамылған қасқыр секілді бұлар, мыңдаған гектар жерді елді шулатып жүріп арзанға ала салғысы келеді. Біз мұндайға мүлдем жол бермеуіміз қажет, – деді Нұртай Салихұлы.
Айта кетейік, осымен екінші рет өткізіліп жатқан комиссия отырысының күн тәтібінде жерді сату немесе сатпау мәселесі талқыланған болатын.

Еlana.kz